Жәннат есігінің алдында төрт кісі тұр екен. Олардан жәннатқа кім бірінші кіруге лайық екенін анықтау керек болыпты. Олардың бірі - мұсылманның бес парызын түгел өтеген кісі, екіншісі - шиит, үшіншісі - ғалым, төртіншісі - зекет берген кісі екен.
Әуелі бес парызды өтеушіден:
- Саған жәннатқа лайық амалдарды жасау керек екенін кім айтты? - деп сұрапты.
- Маған Исламның барлық бес парызын - иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру және қажылықты орындау арқылы жәннатқа баратынымды ғалым айтты, - депті ол.
- Маған да Алла Тағала Құран арқылы түсірген хақ дін - Исламның жолында соғысқа шығып, сонда өліп кетсем, жәннатқа баратынымды айтқан ғалым, - депті шиит.
Сонда ғалымнан:
- Сен мұның бәрін қайдан білдің? - деп сұрапты.
- Мен алыс елге барып оқып, іздендім. Ал, менің оқып, білім алуыма, ізденуіме жағдай жасаған, қаржыландырған зекет беруші, - депті ғалым.
Содан бәрінен де зекет берушінің еңбегі артық жоғарғы дәрежеге бағалап, жәннатқа бірінші кіруге лайық деп табылыпты.
Авторы: Пернегүл Үсенова
Пікірлер
Жұлдыз сіңіліңізге не болды? Алла Тағала туралы бұндай ойдан сақтаныңыз. Шайтанның құрығына түспеңіз.
Әй мүміндер! Ғалымдарымен машайыхтарының көбі, адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. (Мұхаммед Ғ.С.) сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. (34)
Қиямет күнінде олар тозақ отында қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жинағандарыңның дәмін татыңдар» (делінеді). (35)
Мағынасы: Адамдардың малдарын, дүниелерін, ақшаларын бұзықтық жолменен алып, оны Аллаһ жолына жұмсаған ғалым және жомарт сымақтарға зор азап бар екенінін айтуда Раббымыз! Енді ешқашан құран сөзін кері бағытқа қарай, теріс етіп бұрмаламаңыз, білімсіз адамдар сіздің жазғаныңызды көріп басқаша ойлап қалуы әбден мүмкін!!! Уа Аллаһ баршамызды тура жолға сала көр (әмин)