Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Зекет | Просмотров: 9421
Печать

СараңдықБір қалада өте сараң адам өмір сүріпті. Ол екінші бір қалада сараңдықтың түбіне жеткен біреудің бар екенін естіп, содан өзінің сараңдығын қалай арттыруды үйрену үшін іздеп жолға шығады. Ол сараң мұны қуана қарсы алып:

- Жүр, онда базарға барып бір нәрсе сатып алайық, - дейді. Екеуі наубайшыға келіп:

- Жаңа піскен наның бар ма? - деп сұрайды.

- Әрине, мырзам. Өзі жаңа піскен, сары майдай жүп-жұмсақ, тәтті, - деп мақтайды.

- Көрдің бе? Мына адам нанды сары маймен салыстырды. Демек, май наннан да артық. Жүр, одан да сары май сатып алайық, - дейді.

Екі сараң тағы бір дүкенге келіп:

- Жақсы сары май бар ма? - деп сұрайды.

- Әрине, мырзам, болғанда қандай?! Өзі сапалы, зәйтүн майы сияқты жып-жылтыр, дәмді май, - дейді сатушы.

"Ұстаз" сараң "шәкіртіне":

- Достым, көрдің бе... Зәйтүн майы сары майдан да артық болғаны үшін соған теңеді. Ендеше жүр, зәйтүн майын алайық, - дейді. Екеуі тағы бір дүкеннен:

- Жақсы зәйтүн майы бар ма? - деп сұрайды.

- Әрине, бар, мырзам. Өзі сапалы, су сияқты мөп - мөлдір, тап-таза, - деді сатушы.

Сонда сараң досына:

- Көрдің бе, демек ең жақсы нәрсе - су. Менің үйімде бір бөшке су бар. Сені келістіріп тұрып сумен сыйлаймын, - деп үйіне ертіп әкеледі де, наннан да, сары майдан да, зәйтүн майынан да артық болғаны үшін қонағын бір тостаған сумен сыйлайды.

Сараңның үйінен тек қана су татқан алғашқы сараң: "Келгенім жақсы болды, едәуір тәжірибем артты", - деп алғысын жаудырып еліне қайтыпты.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Ұлбосын 07.04.2012 18:01
Кандай өкінішті. Аллаһ баршамызды сараң болудан сақтасын. Жомарттық әрдайым серігіміз болсын ИншаАллаһ!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Гүлжан 19.07.2013 11:58
мына жалған дүниеде бір-бірімізге көмектесіп жүрейек сараңдықтың не қажеті бар
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ербол 23.07.2013 19:43
Қыздармен келісем :-)
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сұңқар 15.07.2014 11:46
Масқара, айтарға сөз жоқ.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ashot 03.06.2017 13:16
Оте кызык ари уйретуши окига
Рахмет сиздерге
Оте кызык
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304013
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
624
368
1398
1864
17911
3304013