Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 25712
Печать

Дінді қабылдағын әжеМұхаммед (с.ғ.с.) бiрде көшеде белi бұралып, бiлегi үзiлiп кете жаздап, ауыр дорба арқалап бара жатқан егде әйел кiсiнiң қолынан жүгiн алып, барар жерiне жеткiзiп салған екен. Әлгi әйел жiгiттiң азаматтығына қатты сүйсiнiп:

- Қарағым, көп көмек жасадың. Сыпайы мiнезiң, мейiрбандығың,   тәрбие   көргендiгiң   көрiнiп   тұр.

Адамгершiлiктiң үлгiсi екенсiң. Саған осы еңбегiң үшiн не болса да, қанша берсем де аз екенiн бiлемiн. Мен саған аналық ақыл-тiлегiмдi айтайын, тiлiмдi алсаң  сен екi дүниеде де бақыт табасың, - дейдi.

- Айта қойыңыз.

- Айтсам сол - қазiр Мұхаммед деген бiреу шығып, өзiн пайғамбар деп жариялап, ата-баба дiнiн, жолын тәрк етiп, жаман ырым бастап жүр дейдi.

Сен соған iлесуден сақтан. Бiздiң заманымыздың ең қиын мәселесi осы болып тұр. Байқа, сақтан, - дейдi. Сол кезде Пайғамбарымыз:

- Шешей, сол айтқан Мұхаммедiңiз мен ғой, -  дептi жымиып. Әйел аң-таң.

- Егер расында сол адам сен болсаң, онда мен саған сендiм. Сен насихаттаған дiнге ердiм, - деп Аллаһқа иман келтiрiптi.

Пайғамбарымыз әр мұсылманға өз дiнiн өзгелерге көркем мiнезi арқылы насихаттау­ын өсиет еткен.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Раушан әже 04.08.2013 01:07
Аумин. Қадыр түні мүбарак болсын! Ғасырлар бойы исламға бейімделген қазақ дүниетанымына, тәрбиесіне, оншақты жылдан бері бетбұрыс басталып еді. Өкінішке орай, халқымыздың сол ұстанымдарына қарсы күрескендер тағы бас көтеріп, жастарды теріс жолдарға бұрмалауда. Сауатты жанашырлар аз,уағыздар аз, аздырушы көріністер, уағыздар көбеуде. Жастар төтеп бере алмайды, қариялар дәрменсіз - интернеттегі, теледидардағы теріс әсерлерге қарсы тұра алмайды. Оған қоса, діни ағымдарға қарсы күрес кезінде дұрыс насихаттар да жол таппай қалуда. Интернетпен шамалы таныстығым бар әжемін, жасым 68ге қарады. немерелердің танымына ие болуға тырысамыз атасы екеуміз, басқа қолдан келері жоқ. Айналамыздағы 50-60тардағылар жайбасарлар, намаз оқу, ораза ұстау қатарымызда әлі аз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
моди 12.09.2013 00:38
Ассалаумагалейкум,ду рыс айтасыз Раушан аже - насихат тарату биздин когамга жастарымызга ауадай кажет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Асел 30.06.2014 16:08
Aссалаумағалейкум оқырмандар, осындай жақсы әңгімелерді оқитын жастар болса ғой.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905