Мұса пайғамбар (р.а.) Аллаһ Тағаладан:
- Мен жәннатқа барамын ба? Барсам онда кiммен көршi болар екем? -деп сұрапты.
- Барасың. Онда бiр қасапшы жiгiтпен көршi боласың.
Мұса (р.а.) қатты таңқалады: қасапшы қандай амалымен пайғамбарлар қатарына лайық болды екен?
Ақыры, сол жiгiттi iздеп келедi. Жiгiт өте көркем мiнездi, адал еңбегiмен күнелтiп жүрген жан екен.
Жұмыстан қайтарда жiгiт жаңа танысын үйiне қонаққа шақырады. Пайғамбар бұл шақыруға қуана келiседi. Жiгiттiң отбасы тiршiлiгiн көргiсi келедi.
Екеуi шайға жайғасқанда, жiгiт нанға қаймақ жағып алып, түпкi бөлмеге жүгiрiп кетедi. Қараса, шүйкедей ғана кемпiр жатыр екен. Жiгiт өзi әрбiр дәмдi өзi бiр тiстесе, сол кемпiрге екi апарып берiп тұрады. Кемпiр тамақ iшiп болады да жiгiт құлағына әлдененi сыбырлайды. Қайтып келгенде одан Мұса:
- Анау кiсi кiм едi? - деп сұрайды.
- Ол менiң шешем. Аяқ-қолы жоқ.
- Ол саған не дедi әлгiнде?
Жiгiт анасының:
- Сендей баламның барына ризамын. Сенi тоғыз ай он күн көтерiп жүргенiме өкiнбеймiн. Сен барда өзiмдi мүгедекпiн деп есептемеймiн, - дегенiн айтады. Пайғамбар жiгiтке қатты риза болып аттаныпты.
Авторы: Пернегүл Үсенова
Пікірлер