Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 4320
Печать

Жақсы жар - дiннiң жартысыИбраһим пайғамбардың ұлы Ысмайыл алыста жүрiп үйленiптi. Әкесi мұны естiп, ұлын iздеп келiптi. Келсе, үйде ұлы жоқ, келiнi атасын есiк алдынан қарсы алады. Келiншек үйiне келiп тұрған өзiнiң қайын атасы екенiн, әрине, бiлмейдi. Ыстық күнде жолдан шаршап, шөлдеп келiп отырған қарияға үйге кiрiңiз, сусын iшiңiз деген сынды iзет бiлдiрмейдi. Пайғамбар одан тұрмыс жағдайын сұрайды. Сол кезде келiншек тұрмыстың ауыр екенiн, күйеуiнiң көл-көсiр дүние таппайтынын «жыр» қып айтады. Жағдайдың баршасын ұққан қария аттанарда:

- Күйеуiң келгенде оған айт. Үйдiң босағасын ауыстырсын, сол кезде тұрмыс түзеледi, - дептi. Сөз мәнiн түсiнбейтiн ақылсыз әйел күйеуiне көрген-бiлгенiн түк қалдырмай айтып бередi.

Ысмайыл келiп кеткен өзiнiң әкесi екенiн, оның келiнiне көңiлi толмай, ренжiп қайтқанын түсiнедi. Үйдiң босағасын ауыстыр дегенi - әйелiңдi ауыстыр дегенi екенiн де бiледi...

Келесi жылы Ибраһим пайғамбар баласын қайта iздеп келедi. Баласы тағы да үйде жоқ екен. Бұл жолы үйден басқа келiншек шығады. Жол соғып, қалжыратқан қарияны төрiне отырғызып, дәммен сыйлап күтедi. Тұрмыс-тiршiлiгi жайлы сұрақтарына «Құдайға шүкiр, Аллаһтың бұйыртқаны болып жатыр, - деген сынды жауабын бередi. Күйеуiнiң қандай адам екенiн сұрағанда, оның иманды адал азамат екенiн айтып, ризалығын бiлдiредi. Ибраһим пайғамбар аттанарда:

- Күйеуiңе сәлем айт, үйдiң босағасын берiк ұстасын, - деп қайтып кетедi.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Алима 20.07.2013 08:29
машаллах
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ДИНАРА 24.07.2013 05:10
МАШААЛЛАХ МЕНДЕ ОСЫНДАЙ ӘЙЕЛДЕРДИН ҚАТАРЫНАН БОЛСАМ ЕКЕН
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ернар 08.08.2013 20:23
Әумин,сіздер сияқты қыздар көп болса екен.Ниеттеріңіз жақсы екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 26.07.2013 11:15
машаллах
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Aslan 30.07.2013 20:02
Allah osyntai takyua aiel nasip etkei
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
молдир 12.09.2013 00:20
Ассалаумагалейкум!Ма шАлла,осындай иманды кыз,суйикти жар,аяулы аналар коп болса!ИншАлла!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жасулан 06.10.2013 15:00
Ассаламуалейкум! Жамагат. Бизгеде жаксы жар буйыртсън! Иманды кыздармен таныскым келеди.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Зарлық 07.11.2013 12:13
машаллах! Аллах разы болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Таншолпан 27.10.2015 15:33
Недеген керемет ангиме барлыгымыз осы екинше келининдей болайык.Алла каласа. Аллага шукирлик кылсак сабырлы болсак бари жаксы болатынына сенемин.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905