Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 3472
Печать

ҚайыршыМәдиналық мұсылмандардың бiрi Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келiп, көмек сұрайды. Ол мұсылманнан:

- Үйiңде ештеңе жоқ па? - деп сұрақ қояды.

Әлгi кiсi:

- Бiр жағын үстiмiзге жамылып, бiр жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су iшетiн ыдыс қана бар, - дейдi.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

- Бар, соларды маған алып кел, - деп қайтарып жiбередi. Аз уақыттан соң ол заттарды алып келедi.

Пайғамбар (с.ғ.с.):

- Мынаны кiм сатып алады? - деп сұрайды.

Мұсылмандардың бiрi:

- Мен бұларды бiр динарға сатып аламын, - дейдi.

- Одан көп беретiн адам бар ма?

- Мен екi динар  беремiн, - дейдi бiреу.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екi динарды әлгi кiсiге берiп:

- Бiр динарға отбасыңа жейтiн бiр нәрсе ал, бiр динарға балта алып, маған кел, - дейдi. Оның алып келген балтасын Аллаһтың елшiсi (с.ғ.с.) өз қолымен саптап берiп:

- Ендi таудан отын кесiп әкелiп сат. Он бес күндей сенi бұл жерден көрмейтiн болайын, - дейдi.

Ол адам он бес күннен кейiн келедi. Он бiр динар тауып, жартысына тамақ, жартысына киiм алған екен.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):      

- Осылай енбектенiп, тапқаның қайыршылық жасаудан әлдеқайда артық. Қолыңнан iс келе тұра тiлемсектенiп, бiреулерден жәрдем сұрау ақыретте жүзiңе қара дақ болып жағылады, - дедi.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Серікжан 11.01.2014 14:13
Аллах разы болсын сіздерге! Бір сұрағым бар еді осы әңгімелді басқа жерлерде таратуға руқсатпа екен?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жақсы БАЛА 11.01.2014 14:46
Алланың сәлемі болсын Серікжан! Біз сізге осымен үшінші рет жауап жазып жатырық :-) Жауап:

Әрине болады. Алланың қалауымен ғибратты әңгімелерді көбірек адамдар оқығаны бізге де жақсы. Тек мүмкіндік болса әр мақалаға біздің сайтымыздың сілтемесін қойсаңыз бізге де пайдаңыз тиер еді. Әрине егер сізге қиындық тудырмаса. Алла ісіңізді жеңілдетсін!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 11.01.2014 15:09
ЕНБЕК ЕТСЕН ЕРНБЕЙ ТОЙАДЫ КАРНЫН ТИЛЕНБЕЙ ДЕМЕКШ ЕШКАШАН ЖАЛКАУ БОЛЫП КАЙЫРШЫЛЫК КУЙГЕ ТУСПЕЙК
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503016
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
488
281
769
7720
18508
3503016