Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 3575
Печать

Ол жаққа кім барып келді дейсің?Ертедегі данышпандардың айтқан сөзі бар екен: “Өткеніне үңілмегеннің болшақтан алар несібесі жоқ” – деген. Көмбесі тағылымға толы, адастырмас құс жолындай із қалдырған тарих сахынасында небір де жайсаң – жақсылардың өткені мәлім. Солардың ішінде Дәуіт пайғамбардың ұлы Сүлеймен пайғамбардың орны ерекше еді. Алла тағала өзінің сүйікті құлдарының бірі Сүйлеймен пайғамбарға жан – жануарлардың тілін білетін муғжиза берді. Дана халқымыздың ғибратында: “Аңыз түбі – шын, бақсы түбі – жын” – деп келгендей қиссалардың бірде Сүлеймен пайғамбар көлдің жағасына келсе ағыл – тегіл жылап отырған көлбақаны көреді. Көлбақаның көз жасының сыры неде екенін білмек мақсатта.

- Я, көлбақа бұның не? – деп сұрағанда көлбақа:

- Мен көлдің жағасында отырып, көлге бір балықшының келгенін көрдім. Ол жерді қопарып қып – қызыл құрт тауып алды да: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Ұлы Алласын аузына алмай сөйледі. Осыны естіп балықтарды ескертпекке суға түстім.

-Я, балықтар сыртта бір адам жерден қызыл құрт тауып алып: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Алласын ұмыт қалдырды. Егер құртты көрсеңдер оның астында істік темір бар, оған іліксеңдер балықшы сендерді судан суырып алып, қуырып жейді” – деп ескерттім. Бір үлкен балық келіп : “Ей!, ол жаққа кім барып келді дейсің?” – деп бірінші болып қармақты қапты да жіберді.


Ғалым Оспан

Пікірлер  

 
Нұрай 05.12.2012 11:55
Мен бұл әңгімені есіме сақтаймын. Сайттарыңыз өте жақсы бастама екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Мақсат 28.07.2013 02:35
маған ұнады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аяулым 04.08.2013 01:45
ЖАҚСЫ
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ұлан 19.08.2013 15:59
біз білмейтін нарселер алі де коп шығар...........
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Таншолпан 24.10.2015 11:28
Оте керемет.......
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Асылтас 05.11.2016 14:19
Есімде мәңгі сақтаймын..Мәні мен мағынасы жаныңа жылу ұялатады екен!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503016
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
488
281
769
7720
18508
3503016