Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 2969
Печать

senimdilerge-syiАбдулла ибн Омар бір күні өз жолдастарымен базарға шығады. Олар жолай бір жерді таңдап, тамақтанып алмақ оймен дастархан жайып жайғасады. Сол кезде олардың қасынан қой айдап бір бозбала өтіп бара жатады. Абдулла ибн Омар оны өздерімен бірге тамақтануға шақырады. Оған бала: "Сізге Алланың рахымы болсын, мен ораза едім, дейді. Абдулла оған таңдана қарап: "Мынадай ыстық күнде қой бағып, ораза ұстап жүрсің бе?” - деп сұрайды.

Оған бала: "Тозақ оты бұдан да ыстық, е, мырза” — дейді. Абдулла: "Құдай ақы, дұрыс айтасың,” - дейді. Содан соң ол баладан бағып жүрген қойынан бір қой сатуын сұрайды. Бала оған: "Бұл менің қожайынымның малы, мен иесі емеспін,” - деп жауап береді.


Бұл жауапты естіген Абдулла ибн Омар оның сенімділігі мен аманатқа адалдығын сынамақ оймен оған: “Сен бізге бір қойды сатып, оның ақшасына керегіңді алуыңа болады ғой. Ал, қожайыныңа қойды қасқыр тартып кетті дей сал. Ол сенің не істегеніңді көріп тұрған жоқ қой?” - дейді. Мұны естіген бала шошып кетіп: “Мені қожайыным көрмегенімен, Алла Тағала көріп тұр ғой. Алланың сізге кешірімі болсын,” - деп жылап жібереді. Оған қосыла жылаған Абдулла ибн Омар баланың сөзін қайталай береді... Содан кейін ол қойшы бала мен қойларды иесінен сатып алды да, балаға бостандық береді. Ал, сатып алған қойларды аманатқа беріктігі үшін балаға сыйға тартады.
Әңгіменің түйіні: Бала басында еркі жоқ құл еді. Ол аманатқа қиянат етпей, қойды сатудан бас тартты. Оның Жаратушысына деген иманы құлдықтан босап, бостандық алуына себеп болды. Аманатқа беріктіг үшін сый ретінде мал иесіне айналды.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Нұрбике 19.08.2013 10:44
Қандай іс істесекте Алла көріп тұрғанын ұмытпайық жамағат.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ТОЛҒАНАЙ 16.09.2013 23:28
Машаллах ғибраты мол әңгіме екен Аллах разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
жаннұр төремұратқызы 26.11.2013 01:35
Алла разы болсын, осы баладай адамдардың қатары арта берсин
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905