Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3643
Печать

kishipildikХазреті Омар ибн Хаттаб кішіпейілділік, қарапайымдылық, тақуалық қасиеттерімен танылған. Оның кішіпейілділігі жайында бізге жеткен хабарлар мен ел аузында жүрген мәшһүр әңгімелер өте көп. Соның біреуі мынадай.
Омар ибн Хаттаб өзінің қызметшісі екеуі Шам еліне сапарға шығады. Сол кездегі мұсылмандар халифасы бола тұра ол қызметшісі екеуі бір көлікке кезектесіп мініп келе жатады. Түйеге мінетін кезек Омарға келгенде қызметші бала жерге түсіп, ноқтаны қолына алып, түйенің алдына түсетін. Ал, оның кезегі келген сәтте хазреті Омар баланы мінгізіп, түйені өзі жетелейтін. Шамға жақындағанда түйеге мінер кезек қызметші балаға келеді. Жолай судан өтеді. Ол аяқ киімін шешіп, түйені жетелеген күйде суды кешіп келе жатқанда алдарынан Шам әміршісі Әбу Убайда Жаррах шығады. Ол жәннатпен сүйіншіленген он кісінің біреуі еді.


Ол: “Ей, мұсылмандардың әміршісі, Шамның беделді кісілері сізді қарсы алуға шығады. Олардың сізді мынадай күйде көруі ыңғайсыз-ау,” - дейді.
Хазіреті Омар: “Расында Алла Тағала бізді Ислам дінімен мәртебемізді көтерді. Сондай-ақ, Алла Тағала жұмсақ, барлық істе жұмсақтықты сүйеді. Олай болса, мен қалайша қасымдағы балаға жұмсақтық етпей, үлкендік көрсетемін. Әлде сен Алланың елшісінің (с.а.с.) қандай болғанын ұмыттың ба? Ол бізге өнеге еді гой. Аяқ киімін өзі жөндеп, киімін өзі тігіп, жамайтын еді" - дейді.

Ғибрат: Хазреті Омар секілді өзіміздің дәрежесі төмен кісілерге тәкәппарлық көрсетпей, оларға құрметпен қараған жөн. Үлкенге құрметпен, кішілерге ізетпен қарау керек.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Нұрбике 19.08.2013 10:13
Мұсылман жамағат кішіпейіл болайық.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 21.08.2013 20:19
кишипилдик тек жаксы адам болуга апарады.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ТОЛҒАНАЙ 16.09.2013 23:14
кең болсаң, кем болмайсың
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
мадина 07.10.2013 10:39
кішіпейілділік мусылман адамға тән қасиеттердің бірі
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
жаннұр төремұратқызы 23.11.2013 00:00
Осындай ғибратты әңгімелеріңіз үшін үлкен рахмееет, Алла разы болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 11.01.2014 14:19
КШПЕЙЛ БОЛУДЫ БАСКАЛАРГА УЙРЕТКМ КЕЛЕД
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905