Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3318
Печать

muktajdarga-komek-beru-ulken-sauapӘбубәкір Сыддық халифалық етіп тұрған уақытта өз басынан өткен мына уақиғаны айтқан: “Бір күні Мәдинаны аралап жүргенімде үйлердің ішіндегі ең жұпыны, аласа ғана тұрған үйшіктің қасына барып тоқтадым. Есік алдына барып, үй ішіндегілерден кіруге рұқсат сұрадым. “Кір” деген әлсіз, қарлыққан дауысты естіп ішке кіргенде үй ішіндегі арық, әлі кеткен әйелді көзім шалды. Айналасында ішер ас, сусын көре алмадым. Әйелдің қимылдайтын да шамасы жоқ еді. Оның қасына жақындап, оған қамқор болып, қарайтын адамның кім екендігін сұрағанымда ол: “Менің Алла Тағаладан басқа ешкімім жоқ.

Ұлым Алла жолында ұрыста жүріп шәһид болды. Ол кеткеннен сенің келгеніңе дейін маған ешкім келіп жағдайымды сұраған емес,” - деді. Мен оған: "Осы уақытқа дейін не жеп, не іштіңіз, шеше?” - дегенімде ол: "Балам соғысқа кетер алдында құрма мен су қалдырған, содан күніне екі-үш құрма жеп, екі-үш жұтым суға қанағат етумен болдым. Ол да таусылды, қазір талғажу етер еш нәрсе қалған жоқ,” - деді. Мұны естіген Әбубәкір жылап жібере орнынан тұрып, намаз оқиды. Алладан кешірім сұрайды.

Сол күннен бастан әр күн сайын қарт анаға тағам мен сусын әкеліп тұруды әдетке айналдырады.

Ғибрат: Әбубәкір Сыддық халифа бола тұра қарт әйелге қызмет етіп, күніне тамақ пен сусын жеткізіп тұруға арланбаған. Өйткені ол мұндай қайырлы істің Алла алдында зор сауапқа ие ететіндігіне иманы кәміл еді.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
мадина 07.10.2013 10:34
Алла Тағала әр қайсысымызға сауап істерді көп жасауды нәсип етсін ИншаАлла
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жансая 08.10.2013 13:53
Бұл оқиғадан алған асерім керемет Аллаһтың нұры жаусын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Әлия 11.11.2013 22:40
қандай керемет!Барлығыңызға Алланың нұры жаусын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ернар 21.01.2016 23:33
Маша АЛЛАҺ
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905