Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 4110
Печать

ulkenge-kurmetХалифа Әли ибн Әбу Талибтың екі ұлы Хасанмен Хусейн мешіт ішінде отырған да жасы келген бір қарияның дәретті дұрыс алмағанын байқайды. Ол кісі мешіт ішіне кіріп намазға тұрады. Хасан мен Хусейн оның намазды да шарттарын бұзып оқығанын көреді. Қарияның қатесін түзегілері келгенімен, өздерінің жасы одан кіші болғандықтан оған дәретті қалай дұрыс алуды, намазды шарттарымен қалай дұрыс орындауды үйретуге ұялады. Олар ақылдаса келіп қарияның алдында дәрет пен намазды қайсысының дұрыс орындайтындығы жөнінде жарыс өткізіп, төрелігін қариядан сұрауға келіседі.

Сөйтіп, екеуі қарияның алдына отыра қалып, бір-біріне дәретті қалай алуды көрсете бастайды. Ондағы мақсаттары үлкен кісінің қатесін осылай сыпайы түрде көрсету болатын. Екеуінің сөздеріне құлақ түріп, әрбір қимылдарын бақылап отырған қария өзінің дәрет алу мен намаз оқудағы кемшіліктерін түсінеді. Хасан мен Хусейн келіскендеріндей қарияның жанына келіп, кімнің өте дұрыс орындағанына төрелік етуін сұрайды. Ол кісі қысылып: “Айналайындар, сендердің екеуің де өте жақсы орындадыңдар. Сендерге қарап өзімнің дәретті де, намазды да дұрыс атқармайтыныма көзім жетті," - дейді.
Сөйтіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) екі немересі қарияға осылайша өте сыпайы түрде үлгі көрсетіп, қатесін түзеді.
Ғибрат: Алланың елшісінің (с.а.с.) екі немересі жасы үлкен қарияның кемшіліктерін бетіне басып, ұялтпай өте тапқырлық жасайды, қатесін әдеппен көрсетеді. Үгіт-насихаттың мұндай үлгісі бүгінгі уақытта да аса маңызды екені сөзсіз.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
уратбай 08.09.2013 08:20
Оте орынды адеми деткизген, АЛЛАХ разы болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Көгершін 10.09.2013 15:11
МашаАллаh өте сыпайы жеткізген.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ажар 16.09.2013 03:15
Маша Аллаһ өте сыпайы жеткизген екен. Алланын нуры жаусын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Арайлым 16.09.2013 17:25
Раббым разы болсын! Арине мундай пikiр ойга келмейды. Гыйбрат алу едI :lol: бIздIн еншIмiзде
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
мадин 07.10.2013 10:30
Алла разы болсын керемет өсиет ғибрат алып өмірде қолданатындай
даналық
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 10.01.2014 22:12
машалла осы кездег балаларда Хасан мен Хусейн сиякты болса екен амин
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905