Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 4759
Печать

jamandyktan-aryludyn-jolyКез келген мәселеде мұсылмандарға үлгі-өнеге болатын Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.а.у.), жамандық істеп қойған кезімізде не істеу керектігін де үйреткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайында былай деген: «Қайда болсаң да Алладан қорық. Бір жамандық істеп қоятын болсаң, оның артынан дереу жақсылық жаса. Жамандықты жақсылық жоятын болады. Адамдармен көркем түрде қарым-қатынас жаса».

Ең алдымен мұсылман барлық жерде Аллаһ Тағаланың көріп тұрғандығын естен шығармауы тиіс. Жамандық істеген жағдайда Аллаһтың жазасынан қорыққаны жөн. Қорықканнан бұрын Аллаһтың әмірі мен тыйымдарына құрмет көрсету керек. Осылай бола тұра, жамандық істеп қоятын болса, артынша жақсылық жасау керектігін ұмытпаған абзал. Жамандық деген кұл ақысын жеумен тікелей байланысты болғандықтан, одан алшақ тұру өте маңызды. Ал байқамай жамандық істеп қойған жағдайда дереу жақсылық жасау керектігін әдетке айналдырудың пайдасы зор.

Жамандықты кешіртудің тағы бір жолы, оны енді қайтып істемеуге ниет ету әрі оны істегеніне катты өкіну.

Адамдарға жақсылық жасап, көркем түрде қарым-қатынас жасау да Аллаһ Тағаланың разы боларлық әрекеттердің бірі болып табылады. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, жамандыққа тосқауыл болады.

Пікірлер  

 
Нұрлыгүл 22.07.2014 10:53
Мен қатемді білемін,брақ соны жоюға тырысамын және қолымнан келгенше жасамаимын.Оған жалғыз Аллах куә менің сенерім сол,басқа менде ешкім жоқ.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
серик Баимолда ұлы 13.04.2015 21:35
Нұргүл қардасым пікіріне қосылам Алланы оиымыздан шығармаи қорқып жургеніміз дүрыс ағаиын ертен не болатынымызды оилаиық
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304013
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
624
368
1398
1864
17911
3304013