Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 6390
Печать

Жәннаттық адамПайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бiрге отырғанда: - Қазiр осы жерге жәннаттық бiр адам келедi, - дейдi. Сахабалар таңдана бiр-бiрiне қарасып отырғанда бiр кiсi кiрiп келедi. Ертеңiне де, одан кейiнгi күнi де осы жағдай қайталанады. Пайғамбар (с.ғ.с.) тұрып кеткеннен кейiн Омарұлы Абдулла атты сахаба әлгi кiсiге жақын келiп:

- Мен әкеммен сөзге келiсiп қалып, үш күн қасына бармауға ант iшiп едiм. Сол үш күндi сенiң қасыңда өткiзсем бола ма? - деп сұрайды. Ана кiсi келiседi. Абдулла онымен бiрге үш түн бiр түнеп, оның түнде намазға тұрғанын көрмейдi. Жақсы сөзден басқа сөз айтқанын естiмейдi. Үш күн өткен соң оған былай дейдi:

- Әй, Алланың құлы, әкем екеумiздiң арамызда ешбiр келiспеушiлiк болған жоқ. Бiрақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) сен келер кезде: «Қазiр жәннаттың адамы келедi» дегенiн естiдiм. Сондықтан сенiң қасыңда болып, iс-әрекетiңдi байқағым келдi. Бiрақ бiр артық ғибадат жасап, амал iстегенiңдi көрмедiм. Сенi жәннаттық дәрежеге жеткiзген не нәрсе? деп сұрайды. Сонда әлгi кiсi:

- Мен өзiң көрiп тұрғаныңнан артық амал қылған емеспiн. Бiрақ ешбiр мұсылманға жүрегiмде жамандық сақтамадым. Аллаһтан өзiме не тiлесем, өзгелерге де соны тiледiм. Аллаһтан бiреуге бiр жақсылық жетсе, өзiме жеткендей қуандым, - дейдi. Сонда Абдулла:

- Сенi жәннаттық дәрежеге   жеткiзген нәрсе осы болуы керек - дептi.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Шоқан 17.09.2013 00:29
Шүкір! Алла бар қазақтың жүрегіне иман нұрын төксін!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905