Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 4226
Печать

Халиф пен ауру кемпiрХазiрет Әбубәкiр халиф (патша) боп өмiр сүрген заманда, күнiге кешкiлiк жұмыстан соң, жаяулатып қала сыртына шығып кетедi екен. Қасына ешкiмдi ертпейдi. Қайда баратынын да, не iстейтiнiн де тiрi жанға айтпайды. Бiрде оны досы Омар аңдиды. Сөйтсе, Әбубәкiр ақсақ аяғын сүйрете басып қала сыртындағы жаман лашыққа кiредi. Ет пiсiрiм уақыттан соң шығып, қалаға қайтып кетедi. Ол кеткен соң әлгi лашыққа Омар кiрсе, өзi ауру, көзi соқыр кемпiр мен бiр-екi бала ойнап отыр. Амандасып болған соң, Омар:

- Апа, қалай күнелтiп жатырсыз?- деп жағдай сұрайды. Сонда ауру кемпiр:

- Шырағым, көрiп отырсың, тұрмыс ауыр. Әйтеуiр бiр мұсылман баласы күнде келiп, азын-аулақ азық әкелiп, тамақ пiсiрiп, ыдыс-табақ, кiр-қоңымды жуып кетiп тұрады.

Оған Аллаһ разы болсын, айналайын,- дептi. Мұны естiген Омар:

- Әй, Әбубәкiр-ай, сен бiзге шектен тыс меже қойыпсың. Ендi қайтiп бiз сенен артық сауап жинаймыз, - деп жылап жiберiптi.

Сөйтсе, ол кезде сахабалар арасында көбiрек сауап жинап, Аллаһ ризалығын артығырақ алып қалуға тырысатын жасырын бәсеке бар екен.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Ернар 08.08.2013 20:45
Әбу Бәкірге сауап жинау жағынан ешкім жетпес.(АЛЛАҺ жақсырақ біледі)Оның өмірінің бәрі ғибрат қой.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905