Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3667
Печать

Ана мейiрiмiАлқама есiмдi сахаба жiгiт өлiм аузында жатып «Алладан басқа Тәңiр жоқ» (Лә иллаһа илла Аллаһ) деп кәлима келтiруге тiлi келмей, қиналып жатады. Мұны көрген Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабалардан:

- Бұл жiгiт бiреудi ренжiтiп пе едi? - деп сұрайды.

- Иә, бұл жiгiт анасын қатты ренжiтушi едi,- деседi олар.

- Онда барып анасын алып келiңдер, - дейдi Аллаһ елшiсi.

Анасы келедi. Оған Пайғамбар (с.ғ.с.):

- Балаңызға кешiрiм етiңiз, өлiм аузында жатыр, - дейдi.

- Кешiрмеймiн, - дейдi ашулы ана.

- Ендеше, қазiр ұлыңызды көз алдыңызда өртесе шығар ма едiңiз? Сiз кешiрмесенiз, оны о дүниеде тозақтың оты күтiп тұр. Ал сiздiң кешiрiмiңiз оны сол өрттен арашалап қалуы мүмкiн, - дейдi ол.

Сонда анасы:

- Қаншама көңiлiмдi қалдырып, жанымды ауыртса да, туған баламды өртке қалай қияйын? Кештiм бәрiн де, - дейдi.

Сол сәтте ғана Алқаманың тiлi икемге келiп, кәлимасын қайтарып барып көз жұмыпты.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
мейрамбек 23.08.2013 21:19
анамызга камкор болайык бауырлар!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
алланың құлы 06.10.2013 00:49
Анасы қатты ауыр сөздермен баласын өлімге итермелесе, өзіне қол жұмсаған бауырыңның жағдайын естіп тұрып қалай анаға қамқор боламын, я мен көрмегендей, естімегендей қалыпта анаммен араласып тұру керекпін бе? Маған өте ауыр болып жүр...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алина 06.10.2013 17:33
Туған анаңызба?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жансая 08.10.2013 14:27
Ас сабуру! Барша мұсылман бауырларымызға Аллаһ сабыр берсін!(Амин)
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905