Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 2673
Печать

batyrdyn-bas-iuiИслам енді ғана етек жайып, жаулары да көбейіп келе жатқан тұста Омар есімді батыр жігіт мұсылмандардын бітіспес дұшпанына айналды. Ал Пайғамбарымыз с.ғ.с. Аллаһтан ол жігіттің жүрегіне иман ұялатуды сұрады. Бірде Омар өз қарындасы мен күйеу баласынын Исламды қабылдағанын естіп қаны қарайды. Аллаһ Елшісін өлтіруге бекініп, қылышын жаландатып, үйінен шықты. Қатты ашуланған ол:

- Алдымен қарындасым мен күйеу баламның жазасын берейін, сосын Мұхаммедті көре жатармын, - деп қарындасының үйіне беттеді. Есіктен кіре оларға:


— Исламға кіргендерің рас па? Сендер біздің құдайларымыздан бас тарттыңдар ма? - деп айғай салды. Олар:
— Иә, аға рас. Біз Аллаһтан басқа Тәңір жоқтығына және Мұхаммед Оның Епшісі екеніне куәлік береміз, — деп жауап берді. Жақындарынан мұндай сөз күтпеген Омар оларды бас-көз жоқ, сабай бастады, қатты соққыға жығылған қарындасы мен күйеу баласы қанға боялып жатса да айтқандарынан қайтпады. Сонда Омар:
- Бұл не деген қайсарлық! Бұл қандай қуатты дін? Бұған ергендер өлуге бар, бірақ қайтатын сыңайлары жоқ қой! - деп таңғалып, әлгілерге Құраннан үзінді оқып беруді бұйырды. Күйеу баласы оған Құранды оқи бастағанда, Омардың көзінен жас тамшылап отырды. Көкірегін шымырлатқан шындық жүрегіне шым-шымдап еніп, тереңдей берді. Сол жерден шыға салысымен ол Пайғамбарымызға с.ғ.с. барып, өзінің мұсылман екенін жариялады. Омар Исламды қабылдағанын естіген мұсылмандар қатты қуанды және содан былай Қағбаға барып, ешкімнен қорықпай, ашықтан-ашық түрде намаз оқитын болды.

 

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
ДИНАРА 24.07.2013 03:48
МАШААЛЛАХ, ОСЫНДАЙ МҰСЫЛМАНДАРДЫ БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДА ДА АЛЛАХ КӨБЕЙТЕ БЕРСЕ ЕКЕН. АЛЛАХУ АКБАР!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Мақсат 26.07.2013 02:30
мен Омарды туылғанына мұсылман ба десем әйтеуір Пайғамбарымыз с.ғ.с. оң қолы екенін білетінмін әрине бул куатты дин
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Serikjan 10.01.2014 20:27
Ассалаумағалеикум ! Осы әңгімелерді басқа жерлерде таратуға рұқсатпа екен?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ЖақсыБАЛА 10.01.2014 20:49
Сізге де Алланың сәлемі болсын Серікжан! Мен сізге алдында жауап бергенмін. Жауабын окымаған болсаңыз төмендегі сілтемені көріңіз.

http://gibrat.kz/gibratnama/urpakka-ulagat/96-halal-men-haram.html
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905