Әбу Бәкір Сыдық - турашыл мінезімен Шындық иесі деген атқа ие болған Пайғамбарымыз с.ғ.с. досы еді. Ол кісі ең ауыр, қиын-қыстау кезеңде де туралықтан таймаған. Бірде пайғамбар екеуі Мәдинаға көшіп бара жатқанда алдарынан шыққан бір адам Әбу Бәкірден:
- Қасыңдағы кім? - деп сұрайды. Өздерін қудалаушы Мекке мүшіріктерінің бірі болар деп қауіптенген Әбу Бәкір:
- Бұл кісі мені тура жолға бастаушы жолбасшым ғой, - деді саспастан. Әлгі адам Пайғамбарымызды Әбу Бәкірге жол көрсетіп жүрген жолбасшы екен деп ойлап, бұрылып өз жолымен кетіпті.
Авторы: Пернегүл Үсенова
Пікірлер