Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 3152
Печать
Білім артық па, байлық артық па?VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлінің (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде «ілімнің қақпасы» аталып кеткендігінің рас - өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: "Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен:

Бірінші адамға: Білім артық, өйткені, ол-пайғамбарлардан қалған мирас, байлық-бақылдардан қалған мұра. 

Екінші адамға: Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады. 
Үшінші адамға: Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады. 
Төртінші адамға: Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі. 
Бесінші адамға: Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің. 
Алтыншы адамға: Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 
Жетінші адамға: Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 
Сегінші адамға: Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық. 
Тоғызыншы адамға: Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады. 
Оныншы адамға: Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық деп жауап берген екен.

 

Мырзагелді Кемел «Абзалдық әліппесі»

Пікірлер  

 
Әділхан 03.08.2013 22:35
Өте керемет Алланың нұры жаусын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аяулым 04.08.2013 01:07
Жақсы
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Шоқан 17.09.2013 00:01
Алла риза болсын!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ақәділ 09.10.2014 23:52
Сөз жоқ керемет Алла ұлы сөз
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905