Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 2967
Печать

Alla-jolynda-mal-jumsaudyn-abzaldygyБұл әңгіме мұсылмандар халифасы Осман ибн Аффан жайында, Оны мұсылмандар “Зун-нурайн”, яғни “Екі нұр иесі” деп атайтын. Енді оның Жаратушы Раббысының разылығын алып, оның жолында мал жұмсауы жайында әңгіме етейік.
Бір уақыт мұсылмандар ішерге су таппай қиыншылық көрді. Ал, суы тәтті қүдықты бір яһуди иемденіп, оның суын мұсылмандарға жоғары бағаға сататын. Сол кезде Осман ибн Аффан құдықтың жартысын өз ақшасына сатып алады да, ол құдықты бір күн құдық иесі пайдаланса, келесі күні Осман ибн Аффан пайдаланып, мұсылмандарға жағдай туғызады. Сөйтіп, өзіне тиесілі суды пайдалану күнін оларға тегін етіп, олар келесі күнге жетерлік етіп су жинап алады.

Осыдан соң әлгі яһудиге тиесілі күні су сатып алуға ешкім келмейтін болады. Амалы таусылған ол өзіне тиесілі суды пайдалану кезегін де Осман ибн Аффанға сатуға мәжбүр болады. Құдық түгелдей өз иелігіне көшкендіктен, ол оны мұсылмандарға сыйға тартады.
Хазреті Османның Құдай жолында мал жұмсаудағы бұдан басқа істері де көп болған. Соның тағы бір мысалы мынадай. Әбубәкір Сыддықтың мұсылмандарды басқарып халифа болып тұрған уақытында бір жылы құрғақшылық болып, аштық жайлайды. Мұндай қысылтаяң уақытта адамдардың кәсіп етіп, мал тауып, қарын тойдыруға ұмтылатыны белгілі. Бірақ хазреті Осман ибн Аффан Алла Тағаланың разылығы үшін малын сарп етіп, мұсылмандардың басына түскен қиыншылық пен аштық зардабын жеңілдетуге тырысқан. Жұрт мұсылмандар халифасы Әбубәкір Сыддыққа келіп, өздерінің қиыншылықтарын айтқанда ол: “Жақын арада Алла Тағала бұл ауырлықтарыңыздан арылтады,” - дейді. Содан бір күн өтпей, оларға сауда керуені келіп жетеді. Ол Османның керуені еді. Мың түйеге бидай мен тағам тиелген үлкен сауда керуені болатын. Сол кезде саудагерлер Османға келіп: “Керуеніңді бізге сат, сен де, біз де пайда көрейік,” - деседі. Сонда ол: “Егер сіздерге берсем, маған түскен пайдадан қанша бересіздер?” - дейді. Саудагерлер оған: “Әр түскен пайдадан екі дирһамнан береміз,” - дейді. Осман оларға: “Маған сіздердің айтқандарыңыздан көп береміз дегендер бар,” - дейді. Олар: “Жарайды, біз де саған екі есе артық берейік. Екі дирқамның орнына төрт дирқам болсын,” - дейді. Осман оларға тағы да: "Ол маған бұдан да көп береді,” - дейді. Мұны естіген саудагерлер таң қалып: “Біз — Мәдина қаласының саудагерлеріміз. Бізден басқа саудагер жоқ. Бұдан артық беретін кім?” - деп сүрайды.
Осман оларға: “Расында, Алла Тағала маған әр дирқам үшін он еседен береді. Ол: “Кім бір жақсылық әкелсе, оған сондай он есе беріледі,” — деген, (Әишм, 160). Куә болыңыздар, әй, саудагер қауым! Бұл керуен Алла разылығы үшін мұсылмандарға арналған садақа, дейді.

Әңгімеден шығатын түйін: Алла жолында қиыншылықта өмір сүріп жатқан адамдарға көмектеспек керек. Алла Тағала қаласа сіздерге дүниеде молшылық беріп, ақыретте үлкен сауапқа ие етеді.

Араб тілінен аударған
Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Мәншүк Қасымханқызы 03.08.2013 19:14
Йә қиыншылықта өмір сүріп жүрген адамдарға көмектесу бәріміздің Алла алдындағы парымыз оларда біз сияқты пенделер ол адамдарға көмектессек жақсылығымыз алдымыздан шығатыны сөзсіз достар. Меніңде марқұм әкешім сондай жақсы кісінің бірі қысылған адамға қолындағы барын беретін иншалла жаны жаннатта болғай
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аяулым 04.08.2013 01:23
Көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсету қажет солай істейік ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Әліби 04.08.2013 03:13
Иә, Аллахтың мейірімі кең. Мұхтаждарға көмектесу- ол фарз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нуржамал Алтайкызы 25.08.2013 19:43
Биз негизинде мусылман бауырлар,кол ушын беруге аркашанда дайынбыз.Колымыздан кандай комек келип жатса,комектесемиз.Ш ындыкка келетин болсак арамыз да комектеспейтин жандар да бар,егер де осындай сарандыкка барсаныздар ана омирде Алланын алдын да жауап беретиндеринизди умытпаныздар!Сондыкт ан ойланыныздар...
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905