Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 3640
Печать

jaksy-sozdin-paidasyМұсылмандарды Һишам ибн Абдулмалик халифа басқарған тұста шөл далада қоныстанған мұсылман араб отбасылары құрғақшылықтан қатты зардап шегеді. Жылма-жыл жалғасқан құрғақшылықтан қиыншылық көрген ел халифаға өз жағдайларын айтып жеткізу үшін бір топ адам жібереді. Олардың ішінде он төрт жасар бала бар еді. Халифа оны кішісініп сарай қақпашысынан: “Мәжіліске мына жас бала қалайша кірді?” - деп сұрағанда Дәурас ибн Хабиб есімді бұл бала: “Ей, мүминдердің әміршісі, менің сарайыңызға кіруімнен сәніңіз бұзылып, бір нәрсеңіз кемімейді.

Бұл қауым сізге басына түскен істі айта келіп отыр,” - дейді. Халифа оған разы болып: “Өзіңнің және мына келген кісілердің қажетін айт,” - дейді. Бала: “Жерімізге келген құрғақшылық үш жыл бойы жалғасуда. Бірінші жыл сүйегімізді жеді. Екінші жыл сүйек майымызды ерітті. Үшінші жыл өзімізді жеді. Қолдарыңызда артық мал бар. Егер ол мал Алланың малы болса, бізге таратыңыздар, біз де — Алланың құлдарымыз. Егер ол халықтың малы болса, неліктен бізге сараңдық етесіздер? Ал егер мал сіздердікі болса, бізге садақа жасаңыздар. Алла Тағала ол үшін сіздерге сый береді. Халық дене болса, ел басшысы сол дененің жаны секілді. Ал жансыз дене не істей алады?!” - дейді. Баланың бұл сөзі халифаға қатты ұнайды. Ол қызметшілеріне келген адамдарға жүз мың динар беруді әмір етеді. Ал, балаға үлкен сыйлықтар берді. Бала оны халыққа таратады.

Ғибрат: Баланың әдебі мен шешендік сөзі өзіне де, қауымына да пайда келтірді. Ол өзінің жеке басынан гөрі көптің жағдайын жоғары қойып, өзіне тиесілі нәрсені де халықпен бөлісе білді.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Еркебулан 20.08.2013 12:47
Жаксы екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Раушан 21.08.2013 04:48
Тамаша, баланың адал ниетіне, адамгершілікпен жауап бергені қатты ұнады! заманымыз осындай жандармен толықсын деген үлкен ниеттемін!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 21.08.2013 17:44
Машаллах
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Көгершін 10.09.2013 16:06
Аллаху Әкбар! Керемет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Шоқан 11.09.2013 22:20
Даналықтың үлгісі!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ажар 16.09.2013 03:21
елимизде осындай жанашыр улдарымыз көбие берсин!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Медет 16.09.2013 03:31
Алхамдулла казак Елимде де осындай Ул Кыздар коб болса екен Елим Деген
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 11.01.2014 13:11
МАШАЛЛАХ АЛЛАХ БИЗДИ ИМАНДЫЛЫККА НАСИЫП ЕТСИН
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
дауке 10.04.2014 19:39
Шүкіршілік етейік АЛЛА амандығын берсін жақсы азаматтар қай жерде болсын жетерлік
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Біржан 20.09.2017 17:30
Ма Ша Аллах адеми айтып жеткизипти
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905