Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 3820
Печать

jas-kuninde-densaulygyndy-saktaТіс ауруынан зардап шеккен бір жас жігіт имам Шафиғиға келіп шағымданады. Имам Шафиғидың жасы үлкен болсада тісі ауырып көрмеген, бүтін, сап-сау болатын. Сондықтан бұл жігіт имамнан тістерін осы уақытқа дейін қалай сақтап келгенінің, бүтіндігінің сырын сұрайды. Сонда имам: “Әй, балам, бұл бізге Алла Тағаланың берген аманаты, ол аманатты сақтағандығымнан Алла маған сақтады. Жас күнімде денсаулығымды сақтағандықтан, жасым келгенде Алла да оны маған сақтады,” - деп жауап береді.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

 

P.S. Денаулықтарыңызды жақсы күтіп жүріңіздер. Тістеріңізді мисуакпен тазалаңыздар. Өйткені мисуактың пайдасы өте көп. Пайғамбарымыз Мұхаммад с.ғ.с. айтқан: «Сивак – бұл ауыз қуысының таза болуы және Алла Тағаланың (сіздерге) разылығы» - деген және тағыда бір хадис Абу Хурейраның жеткізуі бойынша Пайғамбарымыз с.ғ.с.: «Егер мен үмметіме қиындық болады деп ойламасам онда мисуакты әр – бір дәрет кезінде пайдалануды айтқан болар едім» - деген. (Бухари). Абу Умаамах (р.а) Пайғабарымыздың с.ғ.с. сөздерін жеткізіп: «Мисуак қолданыңыздар, өйткені ол ауыз қуысын тазалайды да сіздерге Алланың разылығын тудырады. Жәбірейіл ғ.с. маған өте жиі мисуакпен қолдануды насихаттайтыны соншалық, мен бұл амал менің үмметіме парыз болама деп ойладым. Ал өзім болсам мисуакты көп қолданатыным соншалық, кейде өз тістерім үшін қорқамын» деген.

Пікірлер  

 
Шоқан 11.09.2013 22:15
Ассалаумағалейкүм! Мағыналы,тәрбиелі әңгіме екен! Зор алғыс сіздерге!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ГУЛНУР 23.09.2013 15:10
миссуак деген не?жане оны кайдан алса болады?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Сайлан 18.01.2014 22:27
Миссуак- қайын ағашынан жасалған нәрсе деп ойлаймын және ол мешіт дүкендерінде немесе базарларда сатылады! Өте арзан
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905