Имам Ғазали былай деген екен: “Төрт нәрсені жасамай, төрт нәрсені айтып жүрген кісі – өтірікші!”
- Кімде-кім жаннатқа барғысы келетінін айтып, ешбір ғибадатты орындамаса – өтірікші!
- Кімде-кім Пайғамбарды жақсы көргенін айтып, ислам ғұламаларын ұнатпаса – өтірікші!
- Кімде-кім тозақтан қорқатынын айтып, күнә жасаудан арынбаса – өтірікші!
- Кімде-кім Аллаһты жақсы көремін дей тұра, тағдырындағы қиыншылыққа шыдамаса – өтірікші!