Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3254
Печать

Қайсы іс маңызды?Ескі бір қауымда Журейж атты көп ғибадат ететін бір жігіт болыпты. Күндіз-түні ғибадат ететін. Бұл жігіттің кәрі анасы бір күні:
Балам, келіп маған мына істерде көмектес! — дейді.

Бұл кезде баласы нәпіл ғибадаттар жасап отырып келмеді. Анасы бұған қатты ренжіп былай деп бетдұға (қарғыс) етеді:
Жаман әйелдердің жаласына жем бол!

Олармен көрші тұратын жаман әйел бар еді. Бұл әйел бір күні қойшыдан некесіз түрде жүкті болады. Сол заманның әміршісі, болған жағдайдың анық-қанығын білуді бұйырады. Әйел жазаланудан қорқып кінәні көршісіне, ғибадат етуші жігітке жауып жібереді.

Әмірші жігітті шақыртып:
Ей Журейж! Бір жақтан ғибадат етіп, молда болып көрініп, екінші жақтан зина секілді үлкен күнәға батып жүр екенсің.
Мен мұндай ешнәрсе жасамадым. Маған бұл жаланы жапқан кім болды екен?
Сенің көршің пәленше әйел сенен шағымданды.

Осы кезде жігіт қатесін түсінеді. Анасының бетдұғасына ұшырағанын сезеді. Әміршіден бір мерзімге рұқсат алып анасына барып жалбарынады:
Анашым, маған “Жаман әйелдердің жаласына жем бол!” деп бетдұға еткен едіңіз, Хақ та’ала дұғаңызды қабыл етті. Пәлен әйел маған жала жапты. Әмірші енді мені жазалайды. Мені кешіре гөріңіз ана, жаладан құтылайын! Бұдан былай сізге қызмет етуде кемшілік етпейтін болам.

Анасы ұлының қиын жағдайын көріп шыдай алмай былай дұға етеді:
Йа Раббым! Егер ұлыма жасаған бетдұғам қабыл болған болса оны үстінен ал!
Анасының дұғасын алған жігіт әміршінің алдына қайта келіп былай дейді:
Маған жала жапқан әйелдің қайта сұраққа алынуын сұраймын.

Әйелден қайтадан сұрағанда бұл жолы әйел:
Мен жала жаптым. Бұл көршімнің кінәсі жоқ.-деген екен.
Жігіт осылай құтылады.

Пайғамбарымыз сахабаларымен сұхбаттасып отырып бұл оқиға туралы былай дейді: “Егер Журейж Фиқһ ілімін білгенде, анасына қызмет етудің Раббына нәпіл ғибадат етуден де үстем екендігін білер еді.”

Пікірлер  

 
nurai 07.12.2012 12:27
маған қатты ұнады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Айдаулет 18.07.2013 20:13
жумактин килти ананнын табаныннын астында деген...аке шешемизбен ара катынасымызды жаксартайык бауырлар..
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Насиба 04.08.2013 01:07
өте жақсы әңгіме екен!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ернар 08.08.2013 22:48
Бұл ұзақ хадистың бір бөлігі ғой.Өзгертілген екен.Авторға айтарым егер сіз өзгерткен болсаңыз сақ болыңыз.Пайғамбарымы з (с.ғ.с) айтқан егер кім де кім менің атымнан жалған сөйлесе,өзіне тозақтан орын дайындасын.Сіз бұны білмеген шығарсыз.Енді байқап жазыңыз.Мұсылман мұсылманның айнасы,сіз мені кешіріңіз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
nurjamal 24.08.2013 05:33
Аналарымызды бар кезинде курметтейк, жагдайын жасайык
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нұрболат 04.01.2014 12:44
Машалла керемет ғибрат екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503075
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
547
281
828
7779
18508
3503075