Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3553
Печать

Бес дәріБір падишах уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, тек қана қара нан су берілуін әмір етеді. Күндер ұзап бара жатқанға қарамастан уәзірдің шағымданбай мойынсұнып отырғанын байқаған падишах, зынданға барып уәзірді алдына алып келуді бұйырады. Жегені тек қара нан, ішкені қара су болса да, уәзірдің наразылық көрсетпей қалайша сабыр сақтай алғанын білгісі келеді:
- «Мәртебелім, менің бес дәрім бар, соларды ішіп жүрмін». Падишах «қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін» деген әмірін көмекшілері орындамағанына қатты ашуланады. Уәзірге:
- «Қайда ол дәрілер? Көрсет маған!». Сонда Уәзір:


«Бірінші дәрім – тәуекел! Яғни, Аллаһқа иман етіп, істерімді Оған тапсырдым.
Екінші дәрім – тағдырға ризашылық «Жазмыштан озмыш жоқ». Маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп еш шағымданбаймын.
Үшінші дәрім – сабыр.
Төртінші дәрім – қанағат! Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін.
Бесінші дәрім – үміт! Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін, – деп бес дәріні айтып, падишахты аң-таң қалдырған екен.»

Пікірлер  

 
Нұрай 07.12.2012 09:55
маған ұнады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
малика 07.12.2012 09:56
маған да
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Мейірбек 03.01.2013 23:30
ассалаумағалейкум, Алла Тағалам барша мұсылман бауырларымызғы (маған) осы бес дәріге қол жеткізуімді нәсіп етсін!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ернар 08.08.2013 22:38
Әумин
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Зауреш 04.01.2013 15:51
Барлығыңызға алланың нұры жаусын! Бұл ғибратнаманың астарында үлкен өнеге жатыр...Қолдағы барды қанағат еткен, басына түскен қиыншылыққа сабыр ете білген, тәуекелге бел буған, аллаға әрдайым ризалығын білдірген өз аяғымен жер басып жүргеніне шүкіршілік еткен,ақ пен қараның қатар жүретіні сияқты әр жамандықтың бір жақсылығы болатынына алладан үмітін үзбеген, ең бастысы бес уақыт намазын оқыған, жақсы амалдар істеген әрбір пенде әрдайым алланың ризалығына, мейріміне бөленіп,алланың сүйікті құлына айналат...Ойланыңызд ар бауырлар!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ербол 23.07.2013 20:15
Зәуреш айтқаныңызға келісем. Амин
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алия Муслимка 04.08.2013 03:33
Аллах Тағалаға осы 5дәріге балаған қасиеттерді барша мұсылмандарға нәсіп етсін
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Лаура 06.08.2013 01:12
Осы 5дәрі барлығыңыздың бойларыңыздан табылғай"
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нуржамал Алтайкызы 25.08.2013 19:58
Тауекел,сабырлылык,у мит осынын бари озимизден табылады.Бирак тагдырга ризашылык деген ол аркайсысынын колынан келе бермейди солай емеспа жамагат.Биз баска адамдарга карап,баска тамакты немесе баска кимди жеп,кигимиз келеди.Ал,Алла не барди соган кейде риза болаймыз солай емес па?Сондыктан да,менин жане баска да мусылман бауырлардын осындай кылыгы ушин Аллам бизди кешире корсин!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Нуржамал Алтайкызы 25.08.2013 20:02
Ой,кеширим сураймын озим жазган создеримнен кишкене кателиктер кетти!Алла не берди,соган кейде риза бола алмаймыз солай емес па жамагат?Сондыктан да,менин жане баска да мусылман бауырлардын осындай кылыгы ушин Аллам бизди кешире корсин!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Абдыгалиева адия 16.09.2013 00:49
assal9mygaleikym jamagat.sizderge allanin nuri jausin inwallaq eki omirdin bakitin nasip etsin.amin :roll:
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503075
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
547
281
828
7779
18508
3503075