Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3291
Печать

kamkor-shaitanБір қария мешітке намаз оқу үшін келе жатады. Әбден қартайған, әлі жоқ. Жолда екі рет құлап қалады. Сонда да қайтпай, қайткенде де намазға үлгеріп, Алланың разылығын алу үшін жүріп келеді. Бір кезде, қайдан сап ете қалғаны белгісіз бір бала кеп, қолтығынан демеп:
— Мен сізге көмектесейін. Жүріңіз, — деп жетектей жөнеледі.
Қарияның жүрісі өніп, жағдайы түзеліп, жаны кіріп қалады.
— Рахмет, балам! Өркенің өссін! Алла сауаптан жазсын саған. Кімнің баласысын, шырағым?! – деп мейірлене әңгімеге тартады.
— Мен шайтанмын, — дейді бала.
Қария шошып кетеді. Сосын таң қалып:


— Онда, неге маған көмектесіп келесің, — дейді.
— Сенің Аллаға жан жүрегіңмен беріліп, осынша ауыр хәлде болсаң да мешітке барсам деген ниетің үшін Алла саған жәннат сыйламақ. Сен жолда екі рет оңбай құладың. Енді сүрінсең — өліп кетуің мүмкін. Өлсең – жәннатқа кетесің. Сондықтан мен сенің бұл күйіңде өлуіңе қарсымын. Жер басып, жүре тұрғаның жақсы. Әйтеуір бір қате қадам жасап, күнәлермен былғансаң – тозаққа лайық болып қаласың. Сол үшін мен бұрынғыдан да қатты жұмыс жасауым керек. Абайла! Құлап қалма! – депті.

Пікірлер  

 
Жандос 05.08.2013 17:06
Уа,әлемнің раббысы! Шайтанның уәс-уәсінен сақтағайсың.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Бакытжан 09.08.2013 15:36
Адамды ойга калдырады екен...!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ұлан 19.08.2013 15:38
дұрыс айтасын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
ұлан 19.08.2013 15:36
е аллам шайтанын арбауынан сақтай гөр,,,,,!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Гаухар 22.08.2013 16:03
АЛЛА ТЪАЛЛА түзу жолдан тайдыра көрме
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
nurjamal 23.08.2013 19:50
Шайтанга алданып калмайык жамагат
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503075
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
547
281
828
7779
18508
3503075