Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2807
Печать

januarga-kiyanatОсының алдында ғана жариялаған Хайуанаттарға рақымшылық ету әңгімесіне керісінше бір әңгіме былай баяндалады. Бір әйел бір мысықты қамап, оған не тамақ, не су бермейді. Содан әлгі бейшара мысық аштық пен шөлден өліп қалады. Алла Тағала әйелге істеген ісіне лайық жаза беріп, тозақ отына салады. Өйткені ол мысықты ең болмағанда босатып жіберіп, Алла Тағаланың жер бетіндегі ризығын тауып жеуіне де мүмкіндік бермеген еді. Ол туралы Алланың елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: “Бір мысықты қамап, оны тамақтандырмаған, ең болмаса жөніне жіберіп, оның жер бетінен қорегін тауып жеуіне мүмкіндік бермеген әйел сол ісі үшін тозақ отына кірді,” - деген.

Бұл екі әңгімеден түсінетініміз: Рахымшылық, аяушылық еткен кісіні Алла сүйеді және оның сыйы ретінде жәннатқа кіргізеді. Ал, қатыгездік пен мейірімсіздік өз иесінің тозақ отына түсуіне себеп болады. Ол жайында Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Адамдарға мейірімділік жасамаған кісіге Алла Тагала да рахымшылық етппейді,” - дейді.

Араб тілінен аударған
Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
nurjamal 04.08.2013 00:20
Ия осындай омирде болып турады Менде сондай окигаларды коп коргем
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алия Муслимка 04.08.2013 03:19
ия менде мұндай жағдайларды жиікездестіріп жиі еститінмін,кейде адамдардың сондай қайырымсыздығына танғалатынмын,адамда р жиі ұмытады бұл алемде қылт еткен нәрсенің бәрінің Аллаға тиесілі екенін жиі ұмытады сондықтан Алла бәрімізге хидаяат берсін
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503075
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
547
281
828
7779
18508
3503075