Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3971
Печать

amanat-turalyМеккеде бір кедей кісі өмір сүріпті. Оның иманды, діндар әйелі болған екен. Ол Аллаға құлшылық етіп, парыздарын өтейтін. Өзіне иман нығметін бергені үшін Аллаға көп мадақ айтатын. Бір күндері оларды аштық қысады. Ішіп-жерге тамақ таппайды. Сонымен, әлгі кісі кәсіп етіп, тамақ табар жұмыс іздеп шығады. Алайда оған тез арада жұмыс табыла қоймады. Содан Қағбаға беттейді. Онда Алладан өзіне кәсіп пен рызық беруін сұрап дұға етеді. Содан намаз оқып, қайтуға жиналған сәтте оның көзіне түйіншекке оралған бір нәрсе шалынады. Ашып қарағанда ішінен мың динар табады да, қатты қуанады. Әйеліне болған оқиғаны айтады.


Мұны естіген әйелі оған: “Ия, Абдулла, бұл затты тауып алған жеріңе қайта бар да, ондағы адамдардан ешкімнің зат жоғалтпағандыгын дауыстап сұра. Егер зат иесі шықпаса, бұл бізге тиесілі болады, дейді. Кедей кісі затты тапқан жерге қайта оралады да, әйелінің айтқанындай істейді. Сол кезде: “Сен ішінде мың динар бар қапшық таптың ба?" - деген дауысты естиді.
Кедей кісі: “Ия, бауырым, ол — міне,” - дейді.
Оған әлгі кісі: “Жоқ, ол — сенікі. Оған қоса саған тағы да тоғыз мың динар тиесілі,” - дейді.
Кедей кісі: “Ей, бауырым, немене, мені келемеждеп тұрсың ба?” - деп сұрайды.
Сонда жаңағы кісі оған: “Ей, бауырым, мен сені мазақ етіп түрған жоқпын. Менің туысым он мың динар беріп маған: "Бұл ақшаның бір мыңын қапшыққа сал да, Харам мешітінің жанына таста, содан соң мен осындай зат, осынша ақша жоғалттым деп дауыста. Егер оны тауып алған адам ақшаны түгел қайтарса, ол сенімді адам болғаны. Оған қалған тоғыз мыңды қоса бер, өйткені ол — сенімді, адал кісі. Бұл ақшадан өзі де алады, кедейлерге де садақа етіп таратады. Сөйтіп, біздің садақамыз мұндай сенімді кісінің құрметі үшін Алла қаласа қабыл болады,”- деді,” - дейді.
Әңгіменің түйіні: Сенімділігі мен аманатқа адалдығы үшін Алла Тағала кедей кісінің ризығын арттырды.

Араб тілінен аударған
Қ. Садыбаев

Пікірлер  

 
Акнур 26.07.2013 03:30
қызық екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
назым 26.07.2013 10:40
Алланын нуры шексиз
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жәнібек 28.07.2013 14:53
МашаАллах. Тәрбиелі, қызықты әңгіме екен. Рахмет
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алмагул 29.07.2013 01:43
Керемет!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Муратжан 03.08.2013 10:08
Субханалла
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Мәншүк 03.08.2013 19:04
Меніңде басымнан осындай жағдай откен, бир Тойда 100 тенге тауып алдым бірақ ешкімге кімдігі дегенім жоқ сосын апкеме ақша тауып алғанымды айтып едим неге кимдики демедин деди катты окиндим мына оқиғаныда оқып сол есиме тусип ұялып отырмын. Менің намаз оқитын ойым бар енди бәрі өзгеретін шығар иншалла жаман әдеттен аулақ болам Рахмет сіздерге
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
nurjamal 03.08.2013 22:44
Жаксы ангиме.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Лаззат 04.08.2013 00:03
өте қызық әнгіме
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аяулым 04.08.2013 00:53
Осындай уағыздар көп болса екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Гулайна 04.08.2013 02:10
Жақсы әңгіме екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алия Муслимка 04.08.2013 03:10
Аллах сіздерге разы болсын осындай мағынасы бар берері мол әңгімелермен бөлісіп жатқандарыңызға,мына әңгіме әрбір пендеге сабақ болад деп ойлаймын!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Колдас 14.08.2013 18:54
Алланын нуры жаусын! жаксы ангиме екен.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503075
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
547
281
828
7779
18508
3503075