Ирактың Басра қаласындағы біраз адамдар таласқа түседі. Олардың бір тобы: “Білім малдан артық,” - десе, екінші тобы: “Жоқ, мал ғылымнан жоғары,” - деседі. Бұл таластан ештеңе шықпайтынына көздері жеткеннен соң сол елдегі ғалымның біріне кісі жіберіп, ғылым мен мал-байлықтың қайсысы артық екендігін сұрамақшы болады. Олардың жіберген адамы ғалымға келіп, екі топтың қайсысыныкі дұрыс екендігін сұрағанда ол: “Оларға ғылым байлықтан абзал де,” - дейді. Сонда әлгі кісі ғалымнан: “Егер оған дәлел сұраса, не дейін?’’ - деп сұрайды. Сонда ғалым: “Оларға дәлел мынау: ғылым пайғамбарлардан мұра, ал мал-байлық кейбір залым патшалардан да мұра болады.
Ғылым иесін сақтайды, ал малды иесі сақтап, соның жолында қажып-шаршайды. Бұлардың бәрінен бұрын ғылым-білім - Алла Тағаланың Өзінің сүйген құлдарынан басқаға бермейтін сыйы. Ал, малды Алла Тағала қалаған адамына да береді, қаламаған адамына да береді. Бұл жайында Алла Тағала Құран Кәрімде: “Егер бүкіл адам баласы біріңғай болып, азбайтын болса еді, әрине Аллаға қарсы болғандардын үйлерінін төбесі мен жоғарыға шығатын баспалдақ-тарын күмістен жасар едік,” - деді (Зірфуф, 33). Білімді неғұрлым көп жұмсасаң, соғұрлым көбейе түседі. Ал, мал жұмсаумен азаяды. Сондай-ақ, мал иесі өлсе, ұмытылады. Ғалым өлсе де жазған ілімі қалады. Байлық иесінен әрбір дирһамды қайдан тауып, қайда жұмсағандығы сұралады. Ғылым иесінің Алланың қасында дәрежесі артады. Құран Кәрімде: “Оларға “білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?!” - де”,(3умф, 9)” - делініп, ғалымдар мен надандардың деңгейі тең емес екендігі айтылған,” - деп жауап береді.
Ғибрат: Ғылым үйреніп, меңгерудің артықшылықтары көп. Ол - Алла Тағаланың разы болған құлдарына беретін сыйы. Алла Тағала ғалымдар мен білімді жоғары қояды. Ол Құранда: “Алла, періштелер мен әділетте тұрушы ғылым иелері үстемдік пен хикмет иесі Алладан басқа тәңір жоқтығына куәлік берді,” - дейді (Әлі Имран, 18 ).
Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев
Пікірлер