Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4165
Печать

omir-surudin-en-jaksy-jolyШағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына қайта келген кезде, үлкен баласы:

- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым - деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

- Дүкенге барып екі жастық алдым - деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнді бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым - деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әке баласына риза болып:

- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы - айналаңа жарық тарату!

Пікірлер  

 
нурбакыт 27.09.2013 00:08
машаллах, недеген данаылк...... :-)
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алишер 27.09.2013 07:43
Үй отбасыларында осындай нақыл айтатындар кемеюде немесе жоқтың қасы, мектепте ешкімге ешқандай қатысы жоқ "миғуа" пәндермен жас бүлдіршіндердің миыны толтырудамыз. Кейбір пән иелеріне "бұл білім не үшін керек деген сұраққа жауаптары бір ғана : Бұл дәстүр оны орындау қажет - дегенді ғана естисің Қайдағы бір керек емес нәрселерді жаттатудамыз, осындай ілімді қолдану қаншалықты дұрыс?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Толкын 03.10.2013 15:52
...оте мыкты "Аллах талага такуа мінезбен берік иманды насіп еткей" жас урпактарымыз кобейіп, онегели болсын!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Орынтай 13.10.2013 23:50
Құрмметті, осы сайтты құрушылар, сайт өте тамаша, "Ғибрат" деген атына заты сай!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
moldir 25.01.2014 22:52
машаллах оте керемет жазылган :roll:
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Рауан 28.05.2014 12:09
Осындай гибратты ангиме жазып отырган адамга АЛЛАХ разы болсын! Бул ангимелерди окыган адам баска окымаган адамдарга айта журсе нур устине нур болар еди.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
merjansal 17.05.2015 13:22
Алла разы болсын баримизге гибрат болсын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905