«Бүгін күн суық екен...», «Іштей қатты қиналып жүрмін...», «Басым қатты ауырып тұр...». Бұл күнделікті біз қолданып жүрген сөйлемдердің мағынасына үңіліп көрдіңіз бе?
Біріншісі сөйлем - адамның сыртқы әлемнің алдындағы әлсіздігін мойындатады,
екіншісі сөйлем - ішкі рухани жандүниесінің алдындағы әлсіздігін мойындатады,
үшіншісі сөйлем - адамның өз тәніне де ие бола алмайтындығын мойындап тұрғандығын білдіреді.
Міне қоршаған орта мен ішкі әлеміне тіпті өзінің тәніне билік жүргізуге қауқары жетпейтін адамның Жаратушыға қарсы шығатындығы және бұйырған нәрселерді істемеуі қандай күлкілі десеңізші...
Пікірлер