Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3473
Печать

shyn-muktazhdardyn-jagdaiy-ne-bolmakНәбік деген бір кедейдің тұлпары болады. Бір бай осы атыңды маған сат деп қанша дүние, мал ұсынса да Нәбік жылқысын сатпайтынын айтады. Атты ақшаға сатып ала алмасын білген бай айлаға көшеді. Айласы Нәбік жолаушылап келе жатқанда, оның жолына қайыршы киімін киіп алып отырады. Оның қасына жеткенде, Нәбік «қайыршыдан» жөн сұрайды. «Қайыршы» мына қырдың астындағы ауылға жете алмай отырғанын айтады.

Ойында ештеңе жоқ кедей маған мінгесіңіз, апарып тастайын дегенде, бай «шырағым аттан түсіп мені мінгізіп жібермесең, міне алмаймын» - дейді. Нәбік атынан түсе салып, байды атқа көтермелеп мінгізгенде, арам бай атқа қамшыны басады. Істің анығын енді ғана аңдаған Нәбік: «Байеке, тоқтаңыз айтатұғын бір сөзім бар» - депті. Бай бұл пақыр не дер екен деп, атын іркіп: «Ал бейбақ, не дейсің айт айтарыңды» - депті. Айтарым: «осы жағдайды ешкімге айтпай-ақ қойыңыз. Бар өтінішім осы», - депті.

Бай сонда: «Мен бұл жағдайды айтқанда түсіп қалар дейтүғын беделің жоқ, несіне айтпа деп оған ерекше қам жей қалдың, сорлы» дегенде, Нәбік: «Мәселе онда емес, менің корқып отырғаным бұл оқиға елге тарап кетсе, осы жаман сөздің әсерінен аты барлар жолда кездескен шын мұқтаждарды да мінгестірмей кетпей ме? Менің ойлап отырғаным сол ғана, сол үшін де бұны ешкімге айтпағаныңызды сұрап тұрмын» депті. Кедейдің ойының қандай кең көлемді қамтып тұрғанын түсінген бай аттан түсіп, атты егесіне қайтарып берген екен.

Пікірлер  

 
Тауариша 06.05.2014 17:05
Аллаһу әкбар!!! О, Жан беруші аса Құдіретті Аллаһ Тағала!!! Біздің байларды да осындай түсінігі терең, ұятты, жүрегінде ең болмаса бұршақтың үлкендігіндей иманды ете гөр. Қаналған жұрт озбырлықтан құтылып, әділдіктің- адалдықтың ләззатымен сусындасын!!! Сен ғана дұғаларды қабыл етушісің!!! Аллаһу әкбар!!!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Али 16.07.2014 13:00
тауариша ои пакыр кандаи канатты создер ризамын оркенин осе берсин
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Қаиыркүл 12.12.2018 18:40
"Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" деген мақал осындай оқиғаларға байланысты айтылған да болар. Шынымен де, шын мұқтаждарға кесапатымыз тиіп жатқан жоқ па деп ойланып қалдым.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304013
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
624
368
1398
1864
17911
3304013