Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4945
Печать

nagyz-jomarttylykӨте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафар-и Таииар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды:

– Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін күшікке бердің?
– Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.
– Жарайды, ал өзің не жейсің?
– Аш жүріп, сабыр сақтаймын.
Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де артық екен» — дейді. Құрма бағын және осы құлды қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да ішіндегілерімен бірге өзіне сыйға тартады.
Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа біреу айтқан екен:
– Сен қазір одан да жомарт болдың.
– Сонда Хазіреті Абдуллаһ өкінішке орай мен жомарттылықтан одан оза алмаймын өйткені, ол қолында иеленген мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім — деген екен.

Пікірлер  

 
Нұртай АЛПЫСБАЙ 04.07.2014 17:22
Осындай діни әңгімелеріңіз көбейіп, шығармашылық табысқа жете беріңіздер! Шынында, "нағыз жомарттылық".Бұндай әңгімелердің балалар тәрбиесінде маңызы зор ғой, шіркін! Енді осындай әңгімелерді насихаттау үшін,мультфилм нұсқасында түсірілсе екен(мысалы:Сақ киностудиясы,балапан арнасы).Керемет болар еді!!! :lol:
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Али 13.07.2014 21:54
Оте дурыс айтасын,саган косылам!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Динара 08.11.2014 19:43
Толықтай келісемін сіздермен!))
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ғалия 27.12.2014 12:58
Иа бұндай жомарттық біздің қолдан келмейді,келседе ондай жомарттық жасау үшін 100 ойланамыз ондай жомарттық жасағанша астыма жақсы машина үстіме жақсы киім жақсы үй тұрғызбаймынба деп. Ондай жомарттық жасасақ та жарияға жар салып,сол кішкене жасаған жақсылығын міндетсіп мен бұлай істедім дейтін көкелеріміз жетіп артылады ғой!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Қаиыркүл 12.12.2018 17:42
Мазмұнды. Ғибратты дүние. Күн сайын теледидардан мультфильм түрінде балаларға көрсетілсе ғой. Тамаша болар еді.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304056
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
667
368
1441
1907
17911
3304056