Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 12733
Печать

Қайырлы болсын!Ертеректе бiр патша қолындағы өткiр қанжармен саусағын кесiп алады. Қасында отырған сарай ақыны: «Қайырлы (құтты) болсын», - дептi.

Патша өзiнiң жаны күйiп отырғанда мына сөз шымбайына шындап тиедi де, нәтижесiнде ақын зынданнан бiр-ақ шығады.

Әлқисса, бiр күнi патша сайран салып, саятқа шығады. Аңшылық қызығына түсiп, елден ұзап кеткен әмiршi аздаған нөкерлерiмен бiрге жабайылардың колына түсiп қалады.

Жабайылар тұтқын олжаларын бiртiндеп жей бастайды. Олар үшiн патшаң да, пақырың да ет қана емес пе?! Бiрақ олардың бiр кызық ырымы бар екен.

Адамның бiр жерi кесiлген болса жеуге жарамсыз деп есептейдi екен. Сонымен қолы кесiлген патша екiншi сорт боп қалады.

Кейiнiрек артынан жасауылдары кеп құтқарып алады. Елiне келгесiн зындандағы ақынын шығарып алып:

- Сенiң «қайырлы болсының» шынында да қайырлы болды.

Мен ашумен қатты кетiппiн, кешiр. Сен азатсың, - деп бастан өткен жағдайды баяндап бередi. Сонда ақын:

- Онда сiздiң саусақ кескенiңiз екеумiзге де қайырлы болған екен.

- Неге?

- Мен бостандықта болсам, сiзбен бiрге саятқа шығып, жабайыларға жем болғандай екем, - дептi.

Сондықтан да адам әр iске шүкiршiлiк етiп, сабырлылық қылғаны жөн екен...

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
Көгершін 19.07.2013 16:07
Барлық мұсылман қауымға сәлем!Рамазан айы мүбәрәк болсын!"Қайырлы болсын"мысалы маған қатты ұнады,қазір бәріміз сабыр сақтау дегенді мүлдем жадымыздан шығарып тастағанбыз.Кішкене бірдеңе болса сабырлық танытпай шыға келеміз,негізі кішкене адам сабыр сақтап,нәрсенің мән-жайын анықтап,сосын шешім шығарса, міне сонда әділдік боладығой!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Жадыра 22.07.2013 18:58
Сәлеметсіздер ме? Мен күйеуімді өте жақсы көрем, бірақ біз ажырасып кеттік, ол мені ұратын, сосын мен кетіп қалдым. Енді қайтып барсам бола ма?
Балаларымыз жоқ. Өтінем жауып жазыңыз.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Gibrat.Kz 23.07.2013 18:15
Алланың сәлемі болсын сізгеде Жадыра! Бұл сұрақтың жауабын мешіт имамдарынан не болмаса білім иелерінен сұрап толық білгеніңіз жөн!
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Azim 01.11.2013 03:45
Сәлеметсіздер ме? біз намазхан жігіттер қашанға дейін сабыр сақтаймыз, мысалы
қіздаріміздін ашық болып кійінгеніне,оган 1 шара коріу керек жәмәғәт,өздерің пікірлеріңді кутем,
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Асел 01.07.2014 11:57
Ассалаумағалейкум мұсылмандар! Намазхан жігіттерге жеңіл, ал қыздарға қиынырақ болып жатыр. Жұмыс орындарындарын да орамалға қарсы. Мен жұмыс істемесем болмайды. АЛЛА бір шешімін берер деген үмітпен жүрмін.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905