Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 27991
Печать

Балқұмар балаIлгерiде бiр патшаның жалғыз ұлының үстi-басын жара басып, жазылмастай ауруға шалдығады.

Шақырған емшi-тәуiптерiнен қайран болмайды. Ал, бала күннен-күнге әлсiрей бередi. Бiр күнi патша түс көредi.

Түсiнде баланың ауруының себебi, оның бал құмарлығында екенi бiлдiрiледi. Ал, балқұмарлықты қойдыру ұстазының қолынан келедi-мiс.

Сонымен, таңертең патша баланың ұстазына жағдайды түсiндiрiп, шабарман жiбередi.

Бiрақ ұстаз кешке дейiн келмейдi. Тағы екi күн күтедi. Ұстаз жоқ.

Төртiншi күн дегенде ғана ұстазы келiп балаға жолығады.

Сонан соң патшаға келiп сәлемдеседi.

Патша:

- Сен, неге шақырғанға келмей, жатып алдың? - деп қаһарланады.

Сонда ұстаз:

- Тақсыр, мен сiздiң ұлыңызға балды қой деп айтуым үшiн, алдымен оны өзiм қоюым керек болды.

Мен үш күн бойы балқұмарлықтан арылу үшiн өзiммен қатты жұмыс жасадым. Сонан соң ғана ұлыңызға әдетiн қойдырдым, - дептi.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
айбек 09.09.2013 15:35
билмеймин кимге сенем тура осындай АБу Ханифанын кант туралы ангимеси бар емес енди мынау тек бал деп ауыстыра салып аитып отыр сонда кайсысы рас ози?
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Алина 06.10.2013 20:10
Аудармадан қателік болған шығар.Бірақ екеуіде тәтті затқа жатадығой менінше еш айырмашылық жоқ.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Бейбит 08.08.2014 07:42
Бұл жерде мәселе балда немесе шекерде не болмаса кантта емес. Бұл жердегі мәселе ғибрат алу болып табылады. Ал ғибраттың мәні мынандай: Адам өзі тұзелмей, өзі жақсы болмай, өзі бір жаман нәрсені тастамайынша, басқа адамға өсиет не болмаса ақыл айта алмайды. Мысалы, темекі шегетін адам, басқа бір адамға темекі шекпе, ол зиян не жаман нәрсе деп айта алмайды. Бар болғаны осы. Кұранда Алла Тағала: Ей иман келтіргендер, сендер өздерін істемейтін нәрсені неге (басқаларға) айтасыңдар, деа айтқан. Әнгіме осы жайлы.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905