Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 19719
Печать

ҮндемесБаяғыда бiр мұсылман бала Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Кiмде-кiм жәннаттан үмiттi болса, пайдалы сөз айтсын немесе үндемесiн» деген хадисiн естiп, соған лайық әрекет етуге тырысады екен.

Өзi жас, пайдалы ештеңе айта алмайтын болған соң, үндемеуге бел буыпты. Үндемейтiнi айналасындағыларды таңырқатып, әкесi алаңдай бастапты.

«Осы менiң балам ауру емес пе екен?» деген оймен баланы емшiге апарады. Емшi:

- Балаңыз зерiккен. Оны қаланың сыртына серуендеуге шығарыңыз, - дептi. Әкесi баланы ертiп, қаланың сыртына орман, тоғайлы жерге серуенге шығады.

Екеуi келе жатса, бiр тотықұс шықылықтай бередi. Әке баласының көңiлiн көтермек болып, дыбыс шыққан жердi iздеп жүрiп, тотықұсты ұстап алады.

Оны торға салып жатқанда, баласы:

- Әй, байқұс! Шықылықтап дыбыс бермей, үндемей отырғаныңда, сен мынандай күйге түспес едiң, - дейдi.

Әкесi болса:

- Сен сөйлей алады екенсiң ғой. Ендеше елдiң бәрiн неге әбiгерге саласың? - деп шапалақпен тартып жiбередi.

Сонда бала:

- Мiне, мен де үндемей-ақ қойғанда шапалақ жемес едiм, - деген екен.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
гулдана 19.07.2013 21:29
ия бірақ мына казір біздің кезде үндемес болу өте қиын
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Байғали 03.08.2013 16:50
Алланың нұры жаусын. ҮНДЕМЕУ ДЕГЕНДІ- АРТЫҚ, ОРЫНСЫЗ СӨЗ АУТУ ДЕП ТҮСІНУ КЕРЕК деп ойлаймын. Қазіргі кезде әсірісе орынсыз, мағанасыз, беталды сөз көбейгені байқалады.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Аяулым 04.08.2013 00:13
Иа [Басқа пәле тілден ] деген мақал бар осы орынды айтылған сияқты
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Ернар 08.08.2013 21:02
Мен ғалым емеспін,бірақ бұл хадистің мәнісі осында ма деп ойлаймын:Адамның екі иығындағы екі періштеге байланысты.Оң жақтағы періште өте қатал,тура екен адам жақсы сөз айтса жазады екен де,жақсыға да жаманға да жатпайтын сөздерді бұл жақсы сөз емес деп жазбай қояды екен.Ал сол жақтағы періште өте жұмсақ,көнбіс екен де әлгі сөздердің барын жаман сөздермен қосып өзі жаза береді екен.Бос сөзден сақ болайық бауырлар,ертең таразыға салынса қиын болады.АЛЛАҺым бізді кешіре көрші.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905