Бір миллиардер адам дүниеге әбден мастанып:
- Құдайың маған не істей алады? Ауру бере ме? Берсін. Бүйрегімді ауыртса оны ауыстырам. Жүрегімді ауыртса жүрегімді де ауыстыра салуға болады мына заманда. Ақша болса болды. Ендеше құдайың мен болам! - деп лепіреді. Бір күні үлкен қалың сейфінің ішіне кіріп ақша санап рахаттанып отырғанда, сейф есігі жабылып қалады. Кодпен ашылатын ол "итіңнің" тілін өзі ғана білетін. Сейфтің қалыңдығы сонша, оның ішінде тұншыққан дауыс сыртқа шықпайтын. Сонымен, қыруар ақшаның ортасында, бір жұтым ауаға зар болып бишара миллиардер ажал құшады. Сонша дүниесі оның жанына арашашы бола алмапты.
Өлімде тұрған ештеңе де жоқ, өлімнен кейінгі жағдайын айтсаңшы!..
Авторы: Пернегүл Үсенова
Пікірлер