Бiрде патшаға уәзiрi таңқала бiр жаңалықты жеткiзедi. Бiр өнерпаз жiгiт он қадамнан иненiң көзiне жiп лақтырып өткiзедi екен! Патша ол жiгiттi алдыртады. Лақтырғанын өз көзiмен көредi. Сонан соң жiгiттен: - Осы өнердi үйренуге қанша жылың кеттi? - деп сұрайды.
- Жиырма жылым кеттi,- деп масаттана жымиыпты жiгiт.
- Мынаған жиырма алтын берiңдер. Сонан соң жиырма дүре соғыңдар! - дептi патша нөкерлерiне. Патшадан тек қана қошемет дәметiп тұрған жiгiт:
- Жазығым не? - деп шоши, үрейлене сұрайды.
- Аллаһтың өлшеп берген өмiрiнiң бақандай жиырма жылын пайдасыз iске жұмсағаның үшiн!- дептi ашулы патша.
Авторы: Пернегүл Үсенова