Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3548
Печать

ҒайбатҒалым жiгiттi бiр ұлық қонаққа шақырып, құрметтеп күтiп жiберiптi. Ертеңiне жiгiт өзiнiң ұстазына келiп өзiнiң кеше бiр үйде қонақ болғанын, үй иесiнiң белгiлi кiсi екенiн, қаншалықты құрмет көргенiн, бiрақ оның мұның ұстазы жайлы ғайбат сөздер айтқанын, оны естiгесiн жегенi желiм боп, қатты қапа болғанын айтады. Сонда ұстаз қалтасынан бiраз ақша алып, шәкiртiне берiп тұрып:

- Әлгi айтқан кiсiң асқан жомарт екен. Ол өзiнiң көп сауабын маған берiптi. Мен онша сауапты осы ақшаға сатып ала алмас едiм. Сен құрметтеп, осы ақшаны оған апарып бер де, менiң рахметiмдi айт. Сонан соң, сенiң өзiң оған бекер ренжiгенсiң.

Сенi құрметтеп дастарқанды неше түрлi дәмге толтырған екен. Сонша дәм сыйған iшiңе бiр ауыз сөз сыймай қалды ма? - деп күлiптi.

 

Авторы: Пернегүл Үсенова

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905