Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3459
Печать

Баланы бастан...Бiр мұсылман отбасының отағасына көршiсi келiп, сол үйдiң 5-6 жасар баласының үстiнен шағым айтады.

- Сiздiң балаңыз күнде үйiмiзге келiп, айран құюлы местi бiзбен тесiп, ұрлап iшiп жүр, - дейдi. Мұны естiген отағасы қатты ұялады. Баласына айтып, қойғыза алмайды.

Әйелi екеуi: «Баламызды тәрбиелеуде қай жерден қате жiбердiк?» деп ойлана бастайды. Ойлана келе әйелi:

- Мен баяғыда екiқабат кезiмде көршiнiң үйiне барып, дастарқанда тұрған апельсиндi көрiп, жеуге қатты құмартып едiм.

Бiрақ ол өзi «же» деп айтпағандықтан, сұрауға ұялдым. Көршiм тысқа шығып кеткенде, түйреуiшiммен тесiп-тесiп, екi-үш рет сорып алдым. Баламызда пайда болған әдет - соның нәтижесi болса керек, - дейдi. Сонда күйеуi:

- Е, мiне, мәселе қайда жатыр?! Тез барып көршiңнен сол iсiң үшiн кешiрiм сұра да, Аллаһ Тағалаға тәубе етiп, екi рәкәт намаз оқы. Бәлкiм, сонда баламыз түзелер, - дептi. Айтқанындай-ақ аз уақытта бала жаман әдетiн тастап, ата-анасының көңiлi орнына түсiптi.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905