Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 7309
Печать

Ағаш тостақБiр кiсi қартайып, көзi көруден, құлағы естуден, аяғы жүруден қалыпты. Дастарқан басында қолы қалтырап, тамақты төгiп-шашып iшiп, ыдыстарды сындырып қоя беретiн болыпты. Бұған баласы мен келiнi ызаланып, оны дастарқан басына отырғызбай, пеш түбiндегi қуысқа орналастырып, қолына ағаш тостақ ұстатып қойыпты. Қария дастарқанға жанары суланып, мұңая қарап отырып,  ағаш тостақтағы тамағын жейдi екен.

Бiр күнi олардың төрт жасар ұлы үйге ағаш алып кеп, пышақпен жона бастайды. Әкесi:

- Мұны қайтесiң, ұлым? - деп сұрайды.

- Ағаш тостақ жасаймын, әке. Қартайғанда сiз де осы тостақтан тамақ жейтiн боласыз.

Ұлының мына сөзiнен соң, әкесi мен шешесi көздерiне жас толып, жасаған iстерiне қатты ұялады. Атайды қайтадан дастарқан басына отырғызып, ешбiр қылығына қабақ шытпайтын болыпты.

Авторы: Пернегүл Үсенова

Пікірлер  

 
аида 09.03.2014 13:01
ағаш тостақ әңгімесі
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Марал 14.09.2017 07:27
көзге жас келді
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905