Бір соғыста Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) үш сахабасын шақырып алып, қаптаған қалың жауға жұмсады. Сонда алғашқы екі жауынгер жасанған жауға еш қорқынышсыз тура шауып, мерт болады. Ал үшінші сахаба жауға жақындағанда ойланыңқырап қалады. Расында өмір тәтгі ғой. Бірақ Аплаһ Елшісінің өзі айтып тұрғасын, бойын жиып алып ол да жалаңаш қаруға жем болады. Бірақ осыларды көрген жау әскерінің рухы әлсірейді. Ал мұсылмандар рухтанады, жау жеңіледі. Соғыстан соң бір сахаба соғысты бастаған үш жауынгер жайлы сұрайды.
Сонда Пайғамбарымыз с.ғ.с.: — Үшеуі де жәннатқа барады, бірақ соңғысы төмендеу дәрежелі жәннатқа кіреді - депті.
Авторы: Пернегүл Үсенова
Пікірлер