Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2981
Печать

Адал бағбанЕртеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да: 

- Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? - деп сұрайды. Сонда бағбан: 


- Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайсысы тәтті екенін білмеймін. 
Қазы таңғалып: 

- Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін әлі күнге ажырата алмай жүрмісің? 
- Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де ауызыма салып көрген емеспін, - депті 
Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып: 
- Біз іздеп жүрген күйебала алыста емес, дәл біздің шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы жігітке берейік - деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді.

Пікірлер  

 
Нуржамал 25.08.2013 00:49
Шыныменде оы омирде тура жолга тускендер аз деп ойлаймын жане сенимди адамдарда азайып барады
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503111
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
583
281
864
7815
18508
3503111