Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2593
Печать

Шынайы жолаушыӨмірді танығысы келген бір жас жігіт дүниені аралап, саяхаттап жүрген елдерінің бірінде мәшһүр бір ғалымның үйіне қонаққа барады.

Саяхатшы ғалымның тұрған үйінің дуалдарының кітаптарға толы екендігін көреді. Қатты таң қалады әрине. Бірақ мұның мәнісіне бара алмайды. Үйде жерге төсеулі бір кілем, дуалдың түбінде бір төсек, ортада тұрған бір столмен орындықтан басқа ешнәрсе болмайды. Таңданысын жасыра алмай сұрайды:
— Неліктен ешқандай заттарыңыз, жиһаздарыңыз жоқ?

Ғалым қолымен әлгі заттарын меңзеп жауап береді:
— Бар, міне олар!..
— Енді… Айтайын дегенім басқа жиһаздарыңыз, бұйымдарыңыз қайда?

Ғалым бұл сұрағына сұрақпен жауап береді:
— Балам сенің де артықша ешқандай заттарың жоқ. Тек мына арқалап жүрген сөмкең ғана бар. Ал сонда сенің заттарың қайда?

Жас жігіт бұл күтпеген сұраққа былай деп жауаптайды:
— Бірақ көріп тұрсыз ғой мен жолаушымын…

Ғалым күлімдеп дұрыс айтасың дегендей болып басын изейді де:
— Мен де!.. Мен де ақырет жолаушысымын… — дейді.

Пікірлер  

 
Алия Муслимка 04.08.2013 03:54
машАллах адам мына өмірді сүргенімен бәрібір жолаушы екенін біледі,бәрімізде ризығымыз бен сапарымыз біткенше күресеміз өйткені өмір бізге берілген сапар ғана
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Руслан 25.08.2013 12:37
Ұлағаты мол оқиға екен
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 
 
Шоқан 11.09.2013 22:10
Ассалаумағалейкүм! Сапалы әңгімелерініз үшін мың да бір алғыс, Алланың нұры жаусын.
Жауап беру | Негізге алып жауап беру |
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503111
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
583
281
864
7815
18508
3503111