Шынайы дұғаны шіркеуден
Емхана көбірек естіген.
Қуаныш Нұркамал
Кіл кірпік қатар қонған көзімді сызылтып аштым... Айналам аппақ... Қабырға, жатқан төсегім, тіпті перде де, жылытқыш... бәрі аппақ түсті. Мен өзімді сүт теңізге батқан шыны үйде жатқандай сезіндім. Бір уақ ақ халатты ақ қалпақ киген дәрігер келіп «есін жиыпты» дегендей біраз қарап жаншошырлық азап у татыған инесін егіп, сусыма тамшыламасын қондырып кетті.