Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:
– Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан:
- Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.
– О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi ұстазы.