Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2902
Печать

Патшаның қызы неге бақытсыз?Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 3564
Печать

Тура биде-туған жоқЕртеде бір ауылда екі әйел өмір сүріпті. Бірінші әйелдін баласы қатты науқастанып дүниеден озады. Сол кезде екінші әйелдін баласын ұрлап алып кетіп, "мынау менің балам"деп баланың нағыз әйеліне өтірік сылтау айтып, көндіре бастайды. Енді не істерін білмеген әйел Төле биге барады. Сол кезде екеуіде өз шындықтарын айтады. Хан күзетшісіне балта алып кел деп бұйрық береді. Балта әкелген соң "баланы екеуіне тең болатындай етіп қақ бөлуге" бұйрық береді. Баланың нағыз анасы баласы үшін шырылдап, жаны шығып кетеді. Анасының негізгі ойы не болғанда да "бала өлмесін, қайда жүрсе аман жүрсін әйтеуір көз алдымда жүрсе болды ғой" деп Төле биге айтады. Нағыз анасының кім екенін біліп, баланы нағыз анасына береді. Ал баланы ұрлаған әйелге қатал жаза қолданады.

 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 3257
Печать

Кәпір ма, әлде мүмин ба? Имам Ағзам қатысып жатқан бір жиналыста біреу: “Бір адам бар екен, жәннатты қаламайды, жәһәннамнан қорықпайды, өліктің етін жейді, рүкуғсіз, сәждесіз намаз қылады, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, фитнәні жақсы көреді, хақты қаламайды (тілемейді), бұл адам кәпір ма, әлде мүмин ба?” деп сұрақ қойды.

Жиналыста отырғандардың бәрі бір ауыздан: “Бұлар кәпірдің сипаттары, мұндай адам кәпірдің дәл өзі” деп айтты. Имам Ағзам үндемеді. Адамдар: “Ия Имам, сіз не дейсіз?” деп сұрады. Имам Ағзам: “Бұлар мүминнің сипаттары, мұндай адам мүминнің дәл өзі” деді. Адамдар қарсылық білдіріп: “Ия Имам, мұныңыз қалай, мүмин жәннатты қалап, жәһәннамнан қорықпайды ма?” деді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3677
Печать

ӨсиетӘкесі өлейін деп жатып баласын шақырып алып соңғы сөзінде: «Балам менің бір тілегім бар, орындайсың ба?» - депті. Ажал аузындағы әке тілегін орындамайтын бала кемде-кем.
- Орындаймын әке!
- Ендеше менің аяғымдағы жыртық нәскиімді шешпей жерлет және мына қағазды жерлеп болған соң оқы, оған дейін оқыма - депті.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2063
Печать

Тереземіздің тазалығыЖас жұбайлардың жаңа үйге көшкен кез. Таңертең жастар шәйға енді тұрса, көршілері жуылған кірлерді балконына жайып үлгіретін. Жас әйел күйеуіне 'Қарашы, кірлерді таза жумапты, түһ кір жууды да білмейді, арзан сабынмен жуған шығар' депті. Күйеуі бетіне бір қарап, үндемей таңғы асын іше беріпті. Бір ай бойы әйел көршісінің кір жуғанын көрген сайын айтқан сөзін қайталай беріпті. Бір күні қараса - көрші кірін тап-таза ғып жуып қойыпты. Аңтаң болған әйел 'О-о, мынаны қара! кір жууды ақыры үйреніпті ғой, кім үйретті екен...' десе, 'Мен таңертең сәл ертерек тұрып, терезелерді сүртіп шықтым' депті күйеуі.

Басқаларды қалай көретініміз - тереземіздің тазалығына байланысты.

 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503016
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
488
281
769
7720
18508
3503016