Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 2971
Печать

senimdilerge-syiАбдулла ибн Омар бір күні өз жолдастарымен базарға шығады. Олар жолай бір жерді таңдап, тамақтанып алмақ оймен дастархан жайып жайғасады. Сол кезде олардың қасынан қой айдап бір бозбала өтіп бара жатады. Абдулла ибн Омар оны өздерімен бірге тамақтануға шақырады. Оған бала: "Сізге Алланың рахымы болсын, мен ораза едім, дейді. Абдулла оған таңдана қарап: "Мынадай ыстық күнде қой бағып, ораза ұстап жүрсің бе?” - деп сұрайды.

Оған бала: "Тозақ оты бұдан да ыстық, е, мырза” — дейді. Абдулла: "Құдай ақы, дұрыс айтасың,” - дейді. Содан соң ол баладан бағып жүрген қойынан бір қой сатуын сұрайды. Бала оған: "Бұл менің қожайынымның малы, мен иесі емеспін,” - деп жауап береді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3971
Печать

amanat-turalyМеккеде бір кедей кісі өмір сүріпті. Оның иманды, діндар әйелі болған екен. Ол Аллаға құлшылық етіп, парыздарын өтейтін. Өзіне иман нығметін бергені үшін Аллаға көп мадақ айтатын. Бір күндері оларды аштық қысады. Ішіп-жерге тамақ таппайды. Сонымен, әлгі кісі кәсіп етіп, тамақ табар жұмыс іздеп шығады. Алайда оған тез арада жұмыс табыла қоймады. Содан Қағбаға беттейді. Онда Алладан өзіне кәсіп пен рызық беруін сұрап дұға етеді. Содан намаз оқып, қайтуға жиналған сәтте оның көзіне түйіншекке оралған бір нәрсе шалынады. Ашып қарағанда ішінен мың динар табады да, қатты қуанады. Әйеліне болған оқиғаны айтады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұлы тұлғалар өмірі | Просмотров: 2969
Печать

Alla-jolynda-mal-jumsaudyn-abzaldygyБұл әңгіме мұсылмандар халифасы Осман ибн Аффан жайында, Оны мұсылмандар “Зун-нурайн”, яғни “Екі нұр иесі” деп атайтын. Енді оның Жаратушы Раббысының разылығын алып, оның жолында мал жұмсауы жайында әңгіме етейік.
Бір уақыт мұсылмандар ішерге су таппай қиыншылық көрді. Ал, суы тәтті қүдықты бір яһуди иемденіп, оның суын мұсылмандарға жоғары бағаға сататын. Сол кезде Осман ибн Аффан құдықтың жартысын өз ақшасына сатып алады да, ол құдықты бір күн құдық иесі пайдаланса, келесі күні Осман ибн Аффан пайдаланып, мұсылмандарға жағдай туғызады. Сөйтіп, өзіне тиесілі суды пайдалану күнін оларға тегін етіп, олар келесі күнге жетерлік етіп су жинап алады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2807
Печать

januarga-kiyanatОсының алдында ғана жариялаған Хайуанаттарға рақымшылық ету әңгімесіне керісінше бір әңгіме былай баяндалады. Бір әйел бір мысықты қамап, оған не тамақ, не су бермейді. Содан әлгі бейшара мысық аштық пен шөлден өліп қалады. Алла Тағала әйелге істеген ісіне лайық жаза беріп, тозақ отына салады. Өйткені ол мысықты ең болмағанда босатып жіберіп, Алла Тағаланың жер бетіндегі ризығын тауып жеуіне де мүмкіндік бермеген еді. Ол туралы Алланың елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: “Бір мысықты қамап, оны тамақтандырмаған, ең болмаса жөніне жіберіп, оның жер бетінен қорегін тауып жеуіне мүмкіндік бермеген әйел сол ісі үшін тозақ отына кірді,” - деген.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3319
Печать

januarga-rahymwylykБір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, Құдайға шүкірлік етіп, өзін бұл құдыққа тап қылып, сусынын қандырғаны үшін Алла Тағалаға мадақ айтады. Сөйтіп тұрғанда шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады. Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен.
Оны көрген әлгі кісі: “Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті-ау, деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3503016
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
488
281
769
7720
18508
3503016