Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 3575
Печать

Ол жаққа кім барып келді дейсің?Ертедегі данышпандардың айтқан сөзі бар екен: “Өткеніне үңілмегеннің болшақтан алар несібесі жоқ” – деген. Көмбесі тағылымға толы, адастырмас құс жолындай із қалдырған тарих сахынасында небір де жайсаң – жақсылардың өткені мәлім. Солардың ішінде Дәуіт пайғамбардың ұлы Сүлеймен пайғамбардың орны ерекше еді. Алла тағала өзінің сүйікті құлдарының бірі Сүйлеймен пайғамбарға жан – жануарлардың тілін білетін муғжиза берді. Дана халқымыздың ғибратында: “Аңыз түбі – шын, бақсы түбі – жын” – деп келгендей қиссалардың бірде Сүлеймен пайғамбар көлдің жағасына келсе ағыл – тегіл жылап отырған көлбақаны көреді. Көлбақаның көз жасының сыры неде екенін білмек мақсатта.

- Я, көлбақа бұның не? – деп сұрағанда көлбақа:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Сахабалар сабағы | Просмотров: 2872
Печать

shynshylӘбу Бәкір Сыдық - турашыл мінезімен Шындық иесі деген атқа ие болған Пайғамбарымыз с.ғ.с. досы еді. Ол кісі ең ауыр, қиын-қыстау кезеңде де туралықтан таймаған. Бірде пайғамбар екеуі Мәдинаға көшіп бара жатқанда алдарынан шыққан бір адам Әбу Бәкірден:

- Қасыңдағы кім? - деп сұрайды. Өздерін қудалаушы Мекке мүшіріктерінің бірі болар деп қауіптенген Әбу Бәкір:

- Бұл кісі мені тура жолға бастаушы жолбасшым ғой, - деді саспастан. Әлгі адам Пайғамбарымызды Әбу Бәкірге жол көрсетіп жүрген жолбасшы екен деп ойлап, бұрылып өз жолымен кетіпті.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2507
Печать

sheit-bola-almauЕң үлкен күнәнің бірі - кісі өлтіру. Ал дінді Отанды қорғау үшін болған соғыста ол күнә емес. Осындай жихат соғысында бір батыр жігіт ерлігімен ерекше көзге түсіп, жау әскерін жапырып ұрыс салады. Оны көрген бар мұсылман сүйсініп, елжіреп тұрады. Сол кезде Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. жанындағыларға:

- Мына жігіт тозаққа барады, - дейді. Бәрі аң-таң. О қалай? Дін үшін жан аямай соғысып, кәпірлерді жеңуге үлкен үлес қосып жүрген адам қалайша тозаққа бармақ?
Бір кезде жігіт ауыр жараланады да, жарақат жанына қатты батқасын, шыдамай өзін-өзі өлтіреді.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2377
Печать

ush-sheitБір соғыста Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) үш сахабасын шақырып алып, қаптаған қалың жауға жұмсады. Сонда алғашқы екі жауынгер жасанған жауға еш қорқынышсыз тура шауып, мерт болады. Ал үшінші сахаба жауға жақындағанда ойланыңқырап қалады. Расында өмір тәтгі ғой. Бірақ Аплаһ Елшісінің өзі айтып тұрғасын, бойын жиып алып ол да жалаңаш қаруға жем болады. Бірақ осыларды көрген жау әскерінің рухы әлсірейді. Ал мұсылмандар рухтанады, жау жеңіледі. Соғыстан соң бір сахаба соғысты бастаған үш жауынгер жайлы сұрайды.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 3905
Печать

meiirim-jasyПайғамбарымыз с.ғ.с. алпыс бір жасқа келгенде, Мариям анамыз ұл туды. Аллаһ Елшісі төбесі көкке жете куанды, сәбиді ерекше еркелетіп, мейіріміне бөледі. Бірде сәби он жеті айға қарағанда, ауыр дертке ұшырады, мұны естіген Аллаһ Елшісі сахабасын ертіп, үйіне қарай құстай ұшты. Бұл кезде кішкентай Ибраһим әрең тыныстап жатқан еді. Пайғамбар с.ғ.с. баланы қолына алды, көзінен моншақтар үздіксіз домалап жатты. Онын қасындағы досы Әбдрахман:

— О, Аллаһ Елшісі, осыншама жылауға бола ма? Бұл Аллаһқа қарсылық емес пе? — деді таңғала.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905