Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 19068
Печать

Мешітке сәлем намазыОқылатын уақыты: Мешітке кіруші кісі кірген бойда отырмастан бұрын мешіт Иесіне сәлем ретінде екі рәкағат намаз оқу керек. Мұны қазақша мешіт ақысы деп те атайды.

Рәкағат саны: екі рәкағат. Оған мына хадис дәлел. Расулалла (с.а.с.) былай деген: «Сендердің біреулерің мешітке кірсе отырмастан бұрын екі рәкағат намаз оқысын» (Барлық хадисшілер риуаят еткен хадис). Әбу Ханифа мазһабы бойынша намаз оқу мәкруһ уақыттар мен жамағат парыз намазын бастап кеткен кезден басқа уақыттарда оқылады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 11013
Печать

Тәһәжүд намазыАлла Тағала Расулаллаға (с.а.с.) былай уахи еткен: «Түнде оянып онымен (Құранмен) нәпіл оқы. Раббың сені мақтаулы орын5а жеткізуі мүмкін» (Исра, 79).

Тәһәжүд — түнде оқылатын намаз. Мүслімнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Парыз намаздардан кейінгі ең абзал намаз — түнгі намаз», — деген. Сондай-ақ сол имам Мүслімнің Сахихында Расулалланың (с.а.с.): «Түнгі намазды оқыңдар. Ол — салихалы жандардың әдеті, Раббыларыңмен жақын байланыс, жамандықтарыңды өшіруші әрі күнә істерден тыюшы», — деп өсиет еткен хадисі де бар.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 10609
Печать

Дұха намазыДұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.)) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкағаты, ұйықтауға үтірді оқып барып жату» (Бұхариде № 1178, Мүслімде № 721).

Оқылатын уақыты: Дұха намазын күн найза бойы көтерілген бастап күн тас төбеге келгенге дейін оқуға болады.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 16663
Печать

Тәсбих намазыТәсбих сөзі туралы

Тәсбих сөзі намаз, зікір ету, дәріптеу мағынасында келеді. Оған бір дәлел Құран Кәрімдегі Саффат сүресінің 143-аяты: «Егер ол (Жүніс пайғамбар (а.с.)) дәріптеушілерден болмаса еді». Яғни, Алланы пәктеп, дәріптеп, намаз оқымағанда басқаша болар еді деген мағынада. Тәсбих сөзі Субханалла сөзін айтуды да білдіреді. «Тәсбих айтты» дегеніміз, Субханалла деп айтты дегенді білдіреді. Ал Субханалла Алланы кез келген кемшілік пен нұқсандықтан, жамандық атаулыдан пәктеу.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Нәпіл намаздар | Просмотров: 20575
Печать

Қажет намазыҚажет намазының анықтамасы

Қажет намазы: пенденің Алла Тағаладан кеңшілік пен ризық несібенің көбеюін, таршылық пен машақаттан құтылуды немесе арман-тілегінің орындалуын тілеп оқитын арнайы намаз түрі. Кейде мұсылманның басқа бір адамға күні түсіп яки болмаса Раббысынан тікелей сұрайтын бір мұқтаждығы болғанда сол арман-тілегінің орындалып, ісінің жүзеге асуы үшін Алла Тағалаға бет бұрып, қажет намазын оқиды.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3502905
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
377
281
658
7609
18508
3502905