Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3351
Печать

Бір сағаттық өмірБiр кiсiден:

- Бiр сағаттық өмiрiң қалды десе, не iстер едiң? - деп сұраған екен, ол:

- Бiр сағат бойы тек қана намаз оқыр ем. Аллаһтан жарылқау сұрар ем, - деп жауап берiптi. Осы сұрақты екiншi кiсiге қой­ғанда, ол:

- Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едiм, - дептi. Ал үшiншi адам:

- Мен алғашқы жарты сағатымды бiлiм жинауға жұмсар ем де, қалған жарты сағатымда сол бiлiмдi басқаларға үйретер едiм, -  дептi.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Пайғамбарлар парасаты | Просмотров: 6367
Печать

Мұса пайғамбардың хикаясыМұса пайғамбар өз заманында өте кемеңгер, бiлiмдi кiсi болыпты. Бiр күнi ол Аллаһ Тағаладан:

- Менен де бiлiмi асқан құлың бар ма? - деп сұрайды.

Аллаһ Тағала оған:

- Сенен бiлiмдi бiр кiсi бар, - дейдi.

Мұса пайғамбар сол кiсiмен кездесiп, iлiм үйренуге ынтығып, iздеп шығады. Аллаһ нәсiп етiп, екеуi жолығады. Бұл - Қызыр пайғамбар болатын. Мұса (ғ.с.) пайғамбардың тiлегiне ол кiсi қарсылық бiл­дiрiп:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 4525
Печать

Асан мен ҮсенБаяғыда Асан, Үсен атты ағайынды екi жiгiт болыпты. Бiр күнi екеуi әлденеге ренжiсiп қалыпты. Арада бiраз күн өткенде Үсен ағасына бiр адамды жiбередi.

- Ағам келiп менен кешiрiм сұрасын, - дейдi. Ағасы Асан одан әрi ашуланып, жiберген адамына ұрсып қайтарып жiбередi. Сонда Үсен:

- Әттеген-ай! Мен ағамның сауапты көбiрек алып, жәннатқа баруын тiлеп ем. Өкпелескен адамның қайсысы бiрiншi кешiрiм сұраса, сауап соған көп берiлетiн едi ғой, - деп қатты өкiнген екен.

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 3290
Печать

Үлеске тиген ұйқыБаяғыда бiр ауылда үш ағайынды жiгiт өмiр сүрiптi. Бiр күнi олардың әкесi қайтыс болыпты. Екi үлкен ағасы бұған еш қайғырмайды. Ал, кiшiсi күнi-түнi жылағаннан әбден шаршап, қалжырап, ұйықтап қалыпты.

Ертесiне көзiнде жас, ұйықтап жатқан iнiсiн көрген екi ағасы қуанып:

- Е, жақсы болды, ұйықтап жатсын осылай, бiз әкемiзден қалған мұраны өзара бөлiсiп алайық, - дептi. Сөйтiп екеуi бар дүниенi бөлiскен кезде бiреуiне үй мен егiстiк, екiншiсiне қора мен мал тиедi. Кiшi iнiсi ұйқыдан тұрғанда, оны мазақтап:

Подробнее...
 
Автор: Жаксы БАЛА | Категория: Ұрпаққа ұлағат | Просмотров: 2820
Печать

«Жомарт» көршiБiрде түн iшiнде бiр мұсылманның есiгiн қағып, бiр кiсi ет әкелiп бередi. Анау еттi қазанға сала бере, ойланып қалады. «Көршiм де аш шығар. Бiз, Аллаға шүкiр, бүгiн асымызды iштiк қой. Көршiме берсем, ол қуанып қалар едi», - деп еттi көршiсiне апарып бередi. Ол көршiсi де үйiнде бар тамаққа қанағат етiп, басқа көршiге әкелiп бередi. Ақыры сол ет қайта айналып, ең алғаш әкелген кiсiнiң үйiне келiптi. өйткенi, ең қиын жағдай - соныкi екен.

Сенiң ойыңша, «нашар» көршi шындығында соншалық ұнамсыз кейiпкер ме? Ол өзiнiң жалқау, ойсыз көршiсiне әрi ұстаз, әрi дос, әрi аға бола бiлдi.

Подробнее...
 

Бізге жазылыңыз

Ғибратнама инстаграмда!

Соңғы пікірлер

Статистика

3304079
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы:
690
368
1464
1930
17911
3304079